02 Сәуір, 2015

Солтүстік Қазақстан өнімдері Дубайда ұсынылды

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

03.04.2015 molochnye-produkty1

Петропавл. 2 сәуір. Дубайда  орналасқан Біріккен Араб Әмірлігіндегі ірі  азық-түлік желілерінің бірі «LuLu»  супермаркетінде Қазақстан Республикасының елшілігі Президент Н. Назарбаевтың отандық өнімдерді насихаттау жөніндегі бастамасына орай «Қазақстанда  жасалған» роуд-шоуын ұйымдастырды.  Ондағы таныстырылымда  Солтүстік Қазақстан облысы  тауар өндірушілерінің азық-түлік өнімдері  зор қызығушылық тудырды. Бұл туралы  облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақ басшысының бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров жетекшілік еткен делегация құрамына  тамақ өнеркәсібі саласында сыртқы экспортқа шығып жүрген «Сұлтан», «Сүт», Мукомол», «Дружба», «Перспектива» секілді жетекші  шаруашылықтар өкілдері еніп,  экспозицияның  ірі аумағын иеленді.  Супермаркетке келушілер тарапынан  сөрелерге қойылған  азық-түлік түрлеріне, оның ішінде,  макарон, ұн, бал өнімдеріне сұраныс мол болып, сапалылығымен, бағаның қолжетімділігімен ерекшеленді. «Солтүстікқазақстандық делегация 29 наурызда іссапармен  БАӘ-не аттанған болатын. 3 сәуірге дейін  «Қазақстанда жасалған» акциясына, «роуд-шоу» шарасына қатысып, іскер өкілдермен кездеседі. Ондағы мақсат–гипермаркеттер желісі басшыларымен келіссөз жүргізіп,  БАӘ мен Таяу Шығыстағы елдер нарығына  қазақстандық өнімдерді сату мәселесін қарастыру. Бізге жеткен ақпараттар бойынша  акцияның жоғары деңгейде өткені , шетел кәсіпкерлерінің біздің өнімдерге үлкен қызығушылық танытқаны байқалады.»,– дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары  Жанар Мұсақұлова. Өмір Есқали. Дерек: Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Сурет:  Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің  баспасөз қызметі.