02 Сәуір, 2015

Астана мен Алматы қалаларына жаңа рейстер ашылды

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
02.04.2015 Pavlodar-1Павлодар. 2 сәуір. "Бек Эйр" әуе компаниясы 6-сәуірден бастап Павлодар-Алматы, Павлодар-Астана бағыттары бойынша жаңа рейстер ашады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Ұшақтар Астанаға аптасына екі рет, дүйсенбі,сәрсенбі, ал, Алматыға дүйсенбі-жұма күндері аралығында ұшады. Әуе компаниясының хабарлауынша, екі қалаға да бір бағыттағы билеттердің құны 10 мың теңге. Алматы-Павлодар-Астана тікелей бағытындағы әуе билеттерінің құны 21 737 теңге. Фарида Бықай. Дерек: egemen.kz Сурет: egemen.kz