02 Сәуір, 2015

Оңтүстік Қазақстанда басқарма басшысы тағайындалды

400 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
02-04-15-bimaАСТАНА. 2 сәуір. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметовтың өкімімен Сейітжамал Орынбасарұлы Пакеев облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. Сейітжамал Пакеев 1959 жылы туған. Білімі жоғары. Мамандығы – дәрігер. Медицина ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын Шымкент облысы Қызылқұм ауданында (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы) жұмысшысы болып бастаған. Әр жылдары облыстық деңгейдегі денсаулық сақтау мекемелерінде басшылық қызметтер атқарған. Ал 2015 жылдың наурыз айынан бастап облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары болып еңбек етіп келген. Жолдыбай Базар. Дерек, сурет: Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі.