02 Сәуір, 2015

Полицейлер науқас баланы өлері алдында қатарына алды (фото)

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

02-04-15-fabus-1

АСТАНА. 2 сәуір. АҚШ-тың Пенсильвания штатында тұратын Джоуи Фабус деген 8 жасар бала жергілікті полицейлердің түсіністігі мен зор адамгершілігі арқасында аз күнге болса да шексіз қуанышқа бөленді. Бұл туралы Livejournal.maks сайтында хабарланды. Мәселе мынада. Бұдан бірқатар уақыт бұрын Джоуидің ракпен ауыратыны белгілі болған. Бала кішкентай күнінен полицей болуды армандайды екен. Ал дәрігерлер оның өмірдегі өлшеулі мерзімінің өзі жақында өшкелі тұрғанын жеткізеді. Аурудың осылайша біржола айықпауға қарағанын анық білгеннен кейін баланың әкесі жергілікті полиция басқармасына барып, оның басшысы Джон Мэкимен ақылдасады. Екеуара әңгіменің қорытындысында тәртіп сақшыларының бастығы Джоуиді өздерінің қатарларына қабылдауға шешім қабылдайды. Сөйтіп, бір күннің ішінде бала салтанатты жағдайда полиция қатарына офицер шенінде алынады. Ол мұнда Том Ригатти деген офицерге әріптес етіп бекітіп беріледі. Джоуи әріптесімен бірге көшеде патрульдік жасап жүреді. Ол тіпті көлігін көшеде дұрыс қоймағаны үшін Ригаттидің қызына айппұл да салып үлгереді. Осылайша пенсильваниялық полицейлер кішкентай баланы аз күнге болса да зор қуанышқа бөлеп, өмірлік арманына жеткізеді. Бірақ Джоуи Фабус көп ұзамай қайтыс болады. Ал оның жерлеу рәсіміне Пенсильваниямен қатар жатқан көрші төрт штаттан да полицейлер арнайы келіп қатысады. Мұрат Айтқожа. Дерек, сурет:  Facebook желісі.

02-04-15-fabus-2 02-04-15-fabus-3 02-04-15-fabus-4 02-04-15-fabus-5 02-04-15-fabus-6