02 Сәуір, 2015

Елбасы Оралдағы трансформатор зауытында болды

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2-04-2015-oral 01АСТАНА. 2 сәуір. Елбасы Батыс Қазақстан облысына сапары барысында «Орал трансформатор зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды. Мемлекет басшысы ол жерде қуатты трансформаторлар жасау үдерісімен танысып, зауыттың дайын өнімдерін көрді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сүйеніп egemen.kz хабарлады. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев еңбек ұжымымен әңгімелесті. Қазақстан Президенті мемлекет көрсеткен қолдаудың арқасында кәсіпорын қалпына келтірілгенін және бүгінде одан әрі дамуға дайын екенін айтты. Кәсіпорынның қазір өз өнімдерін Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне экспорттауға барлық мүмкіндігі бар. Зауыт жұмысшылары индустриялық саясаттың іс жүзіне асып жатқаны туралы айтып, мемлекет халықтың әл-ауқатын арттыруға, елдегі тұрақтылықты қамтамасыз етуге күш-жігер жұмсап отырғаны үшін алғыс айтты. Италияның, Швейцарияның және немістің заманауи техникаларымен жабдықталған зауыттың жобалық қуаты жылына 10 мың трансформатор шығаруға есептелген. Мұнай-газ саласының компаниялары, энергетикалық кешен мен теміржол көлігі кәсіпорындары осы өнімнің негізгі тұтынушылары болып саналады. Еламан Қоңыр. Дерек: egemen.kz. Сурет: infoportal.kz.