13 Қаңтар, 2016

2015 жылдың үздік әскери теңізшілері анықталды (фото)

397 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
13.01.2016 AST-25 АСТАНА. 13 қаңтар. Ақтау қаласында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Жандарбек Жанзақовтың басшылық етуімен Әскери-теңіз күштерінің өткен жылғы қызметі қорытындыланды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. 2015 жылдың қорытындысы бойынша Әскери-теңіз күштерінің әскери қызметшілері халықаралық деңгейдегі 14 іс-шараға қатысты. «Сарыарқа» және «Орал» зымыран-артиллериялық корабльдерінің «Каспий теңізі – 2015» теңіз биатлонан өткен халықаралық жарыста екінші орынды иелену қорғаныс саласындағы үлкен оқиғалардың бірі болды. Онда қазақстандық әскери теңізшілер корабльді басқаруда, халықаралық жүйеге сәйкес жарық белгілерін қабылдау және беруде, әуе, теңіз және сүсті нысаналары бойынша атуда, батып бара жатқан корабльді және борттың арғы жағында қалып қойған жолаушыларды құтқаруда шеберліктерін көрсетті. Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің жарағын толықтыратын «Алатау» рейдтік тартқышты суға жіберу маңызды болып табылады. Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының шешімі бойынша 2015 жыл старшиналар жылы болып жарияланды, ал 2016 жыл ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінде дене даярлықты жетілдіруге арналады. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің жеке құрамы жаңа 2016 оқу жылында жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық даярлықта жаңа көрсеткіштер көрсетіп, әскери тәртіп пен құқықтық тәртіптің бұзылуына жол бермейтініне кәміл сенімдімін», деп атап өтті Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Жандарбек  Жанзақов. Одан басқа, Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Жандарбек  Жанзақов үздік теңізші әскери қызметшілерді бағалы сыйлықтармен, грамоталармен марапаттап, алғыс жариялады. Жедел, жауынгерлік, жұмылдыру даярлығы мен жалпы қызметте жеткен жетістіктері үшін аталымдарда анықталып, ауыспалы вымпелдар табыс етілді. Үздік корабль – «Сарыарқа» зымыран-артиллериялық кораблі, корабль командирі капитан-лейтенант А.Жұманов, үздік қамтамасыз ету бөлімшесі – 29011 әскери бөлімінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету батальоны, батальон командирі майор А.Жұманов пен үздік рота – рота командирі лейтенант Ф.Тағырбеков болды. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі. 13.01.2016 AST-26 ???????????????????????????????????? ???????????????????????????????????? 13.01.2016 AST-29 ???????????????????????????????????? 13.01.2016 AST-31 ???????????????????????????????????? ???????????????????????????????????? ????????????????????????????????????