Жастар • 11 Мамыр, 2024

Президенттік жастар кадр резервінің мүшелері экоакцияға қатысты

126 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Президенттік жастар кадр резервінің мүшелері Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және Мемлекеттік басқару академиясы ұжымымен бірлесіп «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Мөлдір бұлақ» апталығы шеңберінде ұйымдастырылған сенбілікке қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президенттік жастар кадр резервінің мүшелері экоакцияға қатысты

Фото: МҚІА Баспасөз қызметі

Агенттік төрағасы Дархан Жазықбай Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы қоғамдық санада экологиялық мәдениеттің қалыптасуына серпін бергенін және қоршаған ортаны таза ұстаудың да отанға қызмет етудің бір үлгісі екенін атап өтті.

Президенттік жастар кадр резервінің мүшелері осындай тазалық жұмыстарын жүргізіп тұрудың маңыздылығын айтты.

Сенбілікке қатысушылар Қоянды су қоймасы аумағын қоқыстан тазартты.

МҚІА

Тазалық шаралары алдағы уақытта да жалғасады.