13 Қаңтар, 2016

34 жасында 12 бала сүйген петропавлдық жас ана

277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
13.01.2016 SQO-5 ПЕТРОПАВЛ. 13 қаңтар.  Облыс орталығының тұрғыны Татьяна Култышеваның отбасында 12-ші сәби дүниеге келді. Батыр ананың жасы 34-те ғана. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Әзірге үйдің кенжесі саналатын нәрестенің аты – Данил. Оның іңгәлаған үні қаңтардың 8-нен 9-на қараған түні естілген.  Дәрігерлердің айтуынша, салмағы - 3 келі 900 грамм, бойы - 53 сантиметр болған.  Шақалақты перзентханадан шығару үшін отағасы барлық балаларын ерте келген. «Алтын алқа» иегері тұңғышын 20 жасында босанған. Көпбалалы ана   мемлекеттің қолдауын жақсы сезінеді. Әрқайсысына ай сайын жәрдемақы алады. «Жанұямызға 12-ші баланың қосылғанына өте қуаныштымын. Бұл соңғысы деп ойламаймын. Сәтін салса, тағы бірнешеуінен сүйермін.  Әйел үшін бұдан артық бақыт жоқ», дейді көпбалалы ана Татьяна Култышева. Акушер-гинеколог Юлия Елькинаның сөзіне қарағанда, оның тәжірибесінде тоғызыншы, оныншы рет босанған әйелдер болған. Ал, мынандай жағдайды бірінші рет кезіктірген. Өмір Есқали. Дерек, сурет: egemen.kz