Оқиға • 12 Мамыр, 2024

Алматы обылысында жүк көлігі аялдамаға соғылып, 2 адам көз жұмды

83 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысының Іле ауданында жүк көлігі қатты жылдамдықпен аялдамаға соғылған. Салдарынан екі адам оқиға орнында көз жұмып, тағы үш тұрғын ауруханаға жеткізілді, деп жазады Egemen.kz.

Алматы обылысында жүк көлігі аялдамаға соғылып, 2 адам көз жұмды

Фото: ernur.kz

Облыстық Полиция басқармасы оқиға 12 мамырға қараған түні болғанын мәлімдеді.

«Бүркіт-35» бригадасының полицейлері жолдағы «ЗИЛ-131» автокөлігінен күдіктеніп, тоқтауды бұйырған. Алайда жүргізуші патрульдік тоқтату пәрменін елемей, ізін суытқан.

«Жүк көлігін басқарған 49 жастағы ер адам Алматы-Жетіген тас жолының 32-ші шақырымындағы аялдамаға үлкен жылдамдықпен соғылған. Апат салдарынан екі адам көз жұмып, үшеуі түрлі жарақаттармен облыстық ауруханаға жатқызылды», деді облыстық жол полициясы басқармасының бастығы Бауыржан Әленов.

Медициналық сараптама нәтижесінде жүк көлігінің жүргізушісі орташа мас күйінде болғаны анықталды. 

«Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, көлік арнайы тұраққа орналастырылды, екі адамның өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды», деді Бауыржан Әленов.