Президент • Бүгін, 15:15

Президент бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президенттің Жарлығымен әскери және қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуге, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградамен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады

Фото: Ақорда

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери және күштік құрылым қызметкерлеріне жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер табыс етті.

Еске сала кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік марапат және әскери шен тапсыру рәсімінде сөз сөйледі. Жиында Мемлекет басшысы Қазақстан – Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгерлік миссиясын дербес орындау мәртебесіне ие болған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ішіндегі жалғыз мемлекет екенін айтты.
Соңғы жаңалықтар