Оқиға • Бүгін, 16:36

Ақтөбе облысында қызметінен босатылған аудан әкімі өлі табылды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысында Кеңқияқ ауылдық округінің бұрынғы әкімі Қуанышбек Серікжановтың мәйіті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбе облысында қызметінен босатылған аудан әкімі өлі табылды

Фото: gov.kz

Облыс әкімдігінің мәліметінше, 4 мамыр күні ол қызметінен босату туралы өтініш жазған. Келесі күні өтініші қанағаттандырылып, ресми түрде лауазымынан босатылған. Ал 6 мамыр күні таңертең бұрынғы әкім Кеңқияқ ауылындағы өз үйінен өлі күйінде табылған.

Ақтөбе облысы Полиция департаменті 42 жастағы ер адамның өліміне байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын хабарлады.

Қарағандыда көліктен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды

Ведомствоның мәліметінше, тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталады. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат әзірге жария етілмейді.

Бұл Ақтөбе облысы өңірінде тіркелген екінші жағдай. Бұған дейін Темір қаласының әкімі Еркін Далмағамбетов те қайтыс болған еді. Оның өліміне қатысты мән-жайлар да тергеу аясында қаралған.

Айта кетейік, 3 мамыр күні Ақтөбе облысының Хромтау қаласында ер адамның мәйіті табылғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар