Taza.kz
Баян СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ
Баян СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
1700 материал табылды

Бокс • Бүгін, 12:11

Әлем кубогі: Санжар Тәшкенбай жартылай финалға жолдама алды

Қазақстан құрамасының боксшысы Санжар Тәшкенбай Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының Әлем кубогі кезеңіндегі алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді. Тәшкенбай жарысты ширек финалдан бастап, Қырғызстан өкілі Анваржан Ходжиевпен қолғап түйістірді. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан отандасымызға берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • Бүгін, 11:58

Ұландықтар Геннадий Головкинді ерекше форматта құттықтады

Аты аңызға айналған кәсіпқой боксшы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері және орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин АҚШ-тың Нью-Йорк штатындағы Канастота қаласында орналасқан Халықаралық бокс даңқы залына (International Boxing Hall of Fame, IBHOF) ресми түрде қабылданды. ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері әйгілі боксшының осы жетістігін атап өту мақсатында патриоттық акция ұйымдастырды. Іс-шара барысында ұландықтар саптық алаңда спортшының әлемге танымал «GGG» белгісін бейнелеп, оның Қазақстан спортына қосқан үлесіне құрмет көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мереке • Бүгін, 11:01

Ел тұрғындары шілде айында қанша күн демалады?

2026 жылдың шілде айында Астана күніне байланысты қосымша демалыс беріледі. Биыл 6 шілде дүйсенбіге сәйкес келетіндіктен, бес күн еңбек ететін азаматтар 4, 5 және 6 шілде күндері үш күн қатарынан демалады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • Бүгін, 10:51

Қарағандыда жүктілікті үзу қызметі үшін заңсыз 22 млн теңге төлем алынған

Қарағанды облысының прокуратурасы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында көрсетілетін медициналық қызметтердің заңдылығына тексеру жүргізді. Тексеру барысында жүктілікті жасанды түрде үзу қызметтері үшін әйелдерден негізсіз ақы алынғаны белгілі болды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес бұл қызмет МӘМС жүйесінде сақтандырылған азаматтарға тегін көрсетілуі тиіс, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жемқорлық • Бүгін, 10:37

Жамбыл облысында пара алған экс-полицейлерге сот үкімі шықты

Тараз қалалық №2 сотының шешімімен Жамбыл облыстық полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Жайдарбек Құттыбаев 6 жылға, Талас аудандық полиция бөлімінің бұрынғы басшысы міндетін атқарушы Еркен Абаев 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар екеуі де өмір бойына мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында жұмыс істеу құқығынан және арнайы атақтарынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға • Бүгін, 09:45

Степногорскіде оқушылардың жеке деректері тарап кеткен: Кінәлілер жазаланды

Степногорск қаласының прокуратурасы кәмелетке толмаған балалардың жеке деректерін заңсыз жариялау фактілерін анықтады.Тексеру барысында бірқатар мектептердің және білім бөлімінің интернет-ресурстарында 165 баланың жеке мәліметтері ашық қолжетімді болғаны белгілі болды. Жарияланған ақпарат арасында оқушылардың аты-жөні, білім алатын орны және әлеуметтік мәртебесі туралы деректер қамтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент • Кеше

Президент Air Products бас атқарушы директоры Эдуардо Менезеспен кездесу өткізді

Табиғи газ өңдеу және өнеркәсіптік газ өндірісіне маманданған америкалық компания жетекшісімен кездесу барысында аталған саладағы ынтымақтастықты дамыту перспективасы қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға • Кеше

Астанада жаяу жүргіншілер жолымен жүрген жүргізуші қамауға алынды

Астанада Президент саябағы аумағындағы жаяу жүргіншілер жолынан көлікпен жүріп өткен жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот оның әрекетін ұсақ бұзақылық деп танып, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Форум • Кеше

Қазақстан жаңа Конституцияда Ұлы дала тарихи сабақтастығын бекітті

Премьер-министр Олжас Бектенов Санкт-Петербургтегі мәдени байланыстарды нығайту, креативті және шығармашылық индустрияларды дамыту жөніндегі халықаралық конференцияның пленарлық отырысында сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елорда • Кеше

Астанада азық-түлікті тиімді бағада қайдан алуға болады?

Елорда тұрғындары мен қонақтары алдағы демалыс күндері өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде отандық өнімдерді тиімді бағамен сатып ала алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Яндекс.Метрика