Фото: Ашық дереккөз
Ал алты күндік жұмыс кестесіндегі қызметкерлер үшін 4 шілде (сенбі) толық жұмыс күні болып есептеледі, олар тек 5 және 6 шілде күндері демалады.
Шілде айында бес күндік жұмыс аптасы кезінде 22 жұмыс күні және 9 демалыс күні болады. Ал алты күндік жұмыс аптасында 26 жұмыс күні мен 5 демалыс күні қарастырылған.
Сонымен қатар шілде айында бірнеше кәсіби мерекелер атап өтіледі. Олардың қатарында Дипломатиялық қызмет күні, Ұлттық домбыра күні, Қолөнершілер күні, Су шаруашылығы қызметкерлерінің күні, Ветеринария қызметкері күні, Ұлттық қауіпсіздік органдары күні, Металлург күні және Сауда қызметкерлері күні бар.
Мамандардың айтуынша, шілде – еңбек демалысын рәсімдеуге қолайлы айлардың бірі. Себебі бұл айда жұмыс күндерінің саны көп болғандықтан, жалақы мен демалыс ақысының арасындағы айырмашылық аз болады.