Оқиға • 20 Мамыр, 2026
Көкшетауда кішкентай баланы көлік қағып кетті
Көкшетауда тағы бір бала көлік астында қала жаздады. Бұл жолы аула ішінде әйел адам кішкентай қызды қағып кеткен, деп хабарлайды, Egemen.kz.
Мәдениет • 20 Мамыр, 2026
«Қыз Жібек» фильміндегі камзол кімге бұйырмақ? Мәдениет министрлігі мәлімдеме жасады
«Қыз Жібек» фильміндегі камзолға байланысты қоғамда қызу талқыланған даудан соң тарихи кинореквизиттерді бақылау күшейтілмек. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 20 Мамыр, 2026
Астанадағы танымал мейрамханаларда ит еті қосылған тамақтар сатылған
Астанадағы кейбір танымал мейрамханаларда келушілерге ұсынылған тағамдардағы тартылған фарш құрамына ит еті қосылғаны туралы мәлімдеме жасалды. Бұл туралы экологтар мен жануарларды қорғаушылар «Честно Говоря» подкасты барысында айтты. Олардың сөзінше, бұл дерек екі жыл бұрын сотта дәлелденген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 20 Мамыр, 2026
39 бала әлі тұтқында: Нигерияда қарулы топ мектептерге шабуыл жасады
Нигерияның оңтүстік-батысында қарулы топтар 39 оқушы мен жеті мұғалімді ұрлап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 20 Мамыр, 2026
Парламент әкім сайлауына қатысты жаңа ережелер қабылдады
Парламент «Қазақстан Республикасының заңнамасын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келтіру, сайлау және прокуратура туралы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңды екінші оқылымда қабылдады. Құжат өткен сайлау науқандары барысында анықталған проблемалық мәселелерді ескере отырып әзірленген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 20 Мамыр, 2026
Құрылтай депутаттары Конституциялық және Жоғарғы сот судьяларын қол сұғылмаушылығынан айыра алады
Парламент «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңды екінші оқылымда қабылдады. Құжат 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған жаңа Конституцияның ережелерін іске асыру мақсатымен әзірленген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 20 Мамыр, 2026
Алматы облысында Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады
Алматы облысында болған авиациялық оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Жеңіл ұшақ бұталардың арасына қонуға мәжбүр болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 20 Мамыр, 2026
Дональд Трамп ұсынған: Қазақ қызы АҚШ-тың Словениядағы төтенше елшісі болды
АҚШ Сенаты қазақ қызы Асель Робертстің кандидатурасын Словениядағы АҚШ елшісі қызметіне бекітті. Оны дипломатиялық лауазымға биыл ақпанда АҚШ президенті Дональд Трамп ұсынған болатын. Наурыз айында Робертс Сенаттың профильдік комитетіндегі тыңдаудан өтіп, кейін кандидатурасы жалпы дауыс беруге шығарылды. Дауыс беру нәтижесінде 46 сенатор қолдап, 43-і қарсы дауыс берген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 20 Мамыр, 2026
Шымкентте балаларын үтікпен күйдірген анаға үкім шықты
Шымкентте өз балаларын азаптаған әйел сотталды. Сот шешімімен оған 5 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Алайда үкім әлі заңды күшіне енген жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Мамыр, 2026
Ақтөбеде шетелдік студенттерден ақша бопсалаған ер адам ұсталды
Ақтөбе облысы полициясы шетелдік студенттерді қорқытып, ақша бопсалады деген күдікпен 28 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.