Оқиға • Бүгін, 15:15

Көкшетауда кішкентай баланы көлік қағып кетті

1 мин
оқу үшін

Көкшетауда тағы бір бала көлік астында қала жаздады. Бұл жолы аула ішінде әйел адам кішкентай қызды қағып кеткен, деп хабарлайды, Egemen.kz.

Көкшетауда кішкентай баланы көлік қағып кетті

Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Видеода баланың анасымен бірге кетіп бара жатқаны көрінеді. Абырой болғанда, қыз бала жеңіл жарақат алып, дәрігерлердің тексеруінен кейін үйіне жіберілген.

Зардап шеккен баланың ата-анасы жүргізушіге қатысты шағым түсіруден бас тартқан.

Ал полиция өкілдері жол-көлік оқиғасына байланысты жүргізушінің әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады.

Еске салайық, Алматы облысында көлік тізгіндеген жасөспірім 12 жастағы баланы қағып кетті.

Ақтаудағы 27-шағынауданда полиция қызметкері басқарған көлік 1,5 жастағы баланы қағып кетіп, сәби оқиға орнында қайтыс болды.

Көкшетауда әйелді қағып кеткен көлік жүргізушісінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар

Кел, ағайын, оқылық!

Қоғам • Бүгін, 13:07