Оқиға • Бүгін, 16:45

«Байрағы биік байтағым»: Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай республикалық ақындар мүшәйрасы өтеді

40 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы мен Астана күніне орай «Байрағы биік байтағым» республикалық жазба ақындар мүшәйрасы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Байрағы биік байтағым»: Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай республикалық ақындар мүшәйрасы өтеді

Фото: Ашық дереккөз

Іс-шараның мақсаты – Тәуелсіз Қазақстанның рухын, ұлттық бірлігі мен елдік мұратын жырлайтын шығармаларды дәріптеу, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу және ақындарға қолдау көрсету.

Мүшәйраның талаптары:

  • Қатысушылар: Жасы 18-ден жоғары ақындар қатыса алады. Арнайы білімге шектеу қойылмайды.
  • Шығарма бағыты: Әр қатысушы екі өлең ұсынуы тиіс: бірі – Азаттық тақырыбында, екіншісі – Астанаға арналған (лирика, толғау, баллада және т.б.).
  • Шектеулер: Өлеңдер бұрын еш жерде жарияланбаған және басқа байқауларға қатыспаған болуы шарт. Шығармалар компьютерде 14 шрифтпен терілуі қажет.

Жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады:

  • Бас жүлде – 1;
  • I орын – 1;
  • II орын – 2;
  • III орын – 3;
  • Ынталандыру сыйлығы – 5.

Өтінім беру тәртібі:

Шығармалар 2026 жылғы 10 маусымға дейін astanapoets@gmail.com поштасы арқылы қабылданады. Хатта қатысушының аты-жөні, қысқаша өмірбаяны, мекенжайы және байланыс деректері көрсетілуі тиіс.

Қосымша ақпарат үшін байланыс телефоны: +7 747 702 97 97.

Айта кетейік, шығармаларды көрсетілген поштаға жібергеннен кейін келіп түскендігі немесе қабылданғандығы жайлы ақпарат сіздің поштаңызға жауап-хат ретінде келеді. 24 сағат ішінде кері байланыс болмаған жағдайда ғана байланыс нөміріне хабарласып, анықтауыңызға болады.

Мүшәйраға қатыса отырып, қатысушылар ұйымдастыру комитетіне шығармаларды, фото және бейнематериалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және ақпараттық материалдарда пайдалануға келісім береді.

Кәсіби фото және бейнетүсірілім ұйымдастыру комитетінің алдын ала келісімімен ғана жүзеге асырылады.

Соңғы жаңалықтар