13 Қаңтар, 2016

Шығыс өңірінде Ассамблея базасында медиация дамытылады

198 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
???????????????????????????????????? ӨСКЕМЕН. 13 қаңтар. 2016 жылы Шығыс Қазақстан облысында Қазақстан халқы Ассамблеясы дамудың жаңа кезеңіне өтеді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Президент Жолдауын жүзеге асыруда жоспарланған бірқатар шаралар ҚХА рөлін күшейтуге бағытталған. Соның бірі, пікірталасты баламалы реттеуге шақыратын медиацияны дамыту болмақ. «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты Елбасы мақаласын тақылауға арналған жиында Шығыс Қазақстан облыстық Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының директоры Елдар Төлеубеков осылай деді. Оның айтуынша, медиация орталығының ашылуы өңірдегі этномәдени бірлестіктердің өзара іс-қимылын жақсартады және келіспеушіліктер мен дау-дамайдың жолын кесуге мүмкіндік бермек. «Бастапқыда көптеген жандар Қазақстанның көпұлтты болуына байланысты мемлекеттің аяқтан тік тұруына күмәнмен қараған болатын. Алайда, біз көпұлттылықты өзіміздің байлығымыз, мақтанышымыз және көзірімізге айналдырдық. Өткен жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы медиацияны дамытуды өз қанатының астына алды. Аталған бағытты Шығыс Қазақстан облысына енгізе отырып, біз бірінші кезекте этномәдени бірлестіктер қызметін үйлестіріп, медиаторларды оқытуды қолға алмақпыз», деді Елдар Төлеубеков. Биыл Достық үйінде «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» ұлттық жоспары, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идея құндылықтарын алға жылжыту, «Үш тілді үздік білу – табысты өмірге жолдама» тақырыбында үштілділікті дамыту және «Қайырымдылық керуені» акциясы аясында кешенді іс-шаралар сынды бірқатар жобалар жоспарланып отыр. «Біздің алдағы негізгі мақсатымыз – дамыған 30 елдің қатарына Президент Жолдауында айтылғандай барлық кезеңінен өтіп барып ену болмақ», деді Елдар Төлеубеков. Думан Анаш. Дерек, сурет: egemen.kz