15 Қаңтар, 2016

Халықаралық «Қазақ тілі» қауымдастығының МӘЛІМДЕМЕСІ

399 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Халықаралық «Қазақ тілі» қауымдастығы Парламент депутаттарының Мәжілісті тарату және Парламент пен барлық деңгейдегі мәслихаттардың мерзімінен бұрын сайлауын тағайындау туралы бастамасын қолдайды. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мемлекетті түбегейлі жаңғыртудың шешуші кезеңіне және әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыстың күшейген шағына тұспа-тұс келіп отыр. Еліміз мерейлі белес жылында аса жауапты екі емтиханнан да абыроймен өтуі қажет. Парламент депутаттары өткен жылы 5 институттық реформаны заңнамалық қамтамасыз ету бағытында орасан жұмыстар атқарды. Енді оны нақты іс жүзінде жүзеге асыру кезеңі келді. Біз құрамы қайта жаңғырған Мәжіліс Ұлт Жоспарын жүзеге асыруға және «Қазақстан-2050» Стратегиясының асқақ міндеттерін мүлтіксіз орындауға серпін береді деп санаймыз. Сонымен бірге, әлемдік экономиканың бет­алысына қарасақ, алдымызда ең күрделі, қиын кезең тұр. Ендеше, жаһандық дағдарыстың келесі, қуатты толқыны келмей тұрып, еліміздің сайлау науқанынан тезірек өтіп алғаны және басқа ештеңеге алаңдамай, дағдарысқа қарсы шараларды мұқият жүзеге асырғаны маңызды деп есептейміз. Осындай пайымдарды ұстана отырып, біз – халықаралық «Қазақ тілі» қауымдастығы отандастарымызды ел тағдырына бейжай қарамай, халық қалаулыларының бастамасын қолдауға шақырамыз.