15 Қаңтар, 2016

Қазақстан жастары Конгресінің МӘЛІМДЕМЕСІ

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан жастары Конгресінің Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының мерзімінен бұрын сайлауларын өткізу жөніндегі бастаманы қолдау туралы

МӘЛІМДЕМЕСІ

Еліміздің жастар ұйымдары атынан Қазақстан жастарының конгресі Парламент Мәжілісі депутаттарының Парламенттің және барлық дәрежедегі мәслихаттардың мерзімінен бұрын сайлауын өткізу жөніндегі бастамасына қолдау көрсетеді. Біз бесінші шақырылымдағы Мәжіліс депутаттарының атқарған жұмысына жоғары баға береміз. Осы құрамдағы депутаттардың қызметінің барысында жастардың азаматтық, әлеуметтік және экономикалық белсенділігін арттыру үшін құқықтық база қалыптастыру жөнінде орасан зор жұмыс атқарылды. «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» жаңа заң қабылданды. Сонымен бірге, мемлекет өміріндегі азаматтық қоғамның рөлін арттыруға жастардың гуманитарлық әлеуетін арттыруды қамтамасыз ететін бірқатар маңызды бастамалар іс жүзіне асырылды. Мерзімінен бұрын сайлау өткізу жөніндегі бастамаға байланысты жасалған қадам депутаттардың азаматтық бастамаларды кеңейту үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға деген ұмтылысын көрсетеді. Бұл қадам үлкен реформалар тұсында және дағдарысқа қарсы шараларды іс жүзіне асыру барысындағы заңды қадам болып табылады. Ол депутаттардың сенім мандатын жаңартуға, сонымен бірге, басты заң шығарушы органға жаңа күштерді тартуға ықпал ететін болады.