15 Қаңтар, 2016

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының МӘЛІМДЕМЕСІ

389 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының

Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауларын мерзімінен бұрын өткізу туралы бастаманы қолдау туралы МӘЛІМДЕМЕСІ

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы депутаттардың Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы бастаманы қолдауды өзінің азаматтық борышы деп санайды. Тәуелсіздік таңы атар тұста, ең алғашқы қоғамдық ұйымдардың бірі болып құрылған Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Қазақстанның атамекеннен жырақта тұратын әлем қазақтарымен өзара байланысын қамтамасыз етеді. Азаттықтың алғашқы күндерінен бастап елімізге әлемнің әр қиырынан 1 миллионға жуық қандасымыз көшіп келді. Бүгінде олар қоғамның түрлі салаcында жемісті еңбек етіп, қастерлі Қазақстанымыздың дамуына сүбелі үлестерін қосуда. Сонымен бірге, шет мемлекеттерде тұратын бауырларымызбен тығыз рухани қатынас орнады. Қазір Ұлы Дала елінен тысқары жердегі әрбір қазақ тарихи Отанының қамқорлығын сезінуде. Олар атамекенінің өсіп-өркендеп, «Мәңгілік Ел» болуына тілектес. Бұл бес институттық реформаны жүзеге асырудың Ұлт Жоспары мен дағдарысқа қарсы стратегияның табысты жүзеге асуына тікелей байланысты. Еліміз үшін тағдырлы маңызы бар осы екі міндетті мүлтіксіз орындау үшін халықтың жаңа сенім мандатына ие болған президенттік реформалар Парламенті қажет. Осыны ескере отырып, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы бас­таманы толығымен қолдай отырып, барша отандастарымызды оның жүзеге асуына үлес қосуға шақырады.