15 Қаңтар, 2016

Қазақстан тұтынушылары ұлттық лигасының МӘЛІМДЕМЕСІ

215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан тұтынушылары ұлттық лигасының Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауларын мерзімінен бұрын өткізу жөніндегі бастаманы қолдау туралы

МӘЛІМДЕМЕСІ

Қазақстан тұтынушыларының ұлттық лигасы Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының елде мерзімінен бұрын парламенттік және барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауларын өткізу туралы үндеуін толығымен қолдайды. Біз әлемдік экономикалық дағдарыстың салдарларынан ойдағыдай өту жөніндегі Елбасының алға қойған ауқымды міндеттерін жоғары бағалаймыз. Қоғамдық өмірдің барлық салаларын жаңғыртуға арналған бағыт біздің алдымыздан тұрақты экономика, қоғам және мемлекет құруда жаңа мүмкіндіктер ашады. Қоғам және биліктің заң шығарушы тармағының сенім мандатын жаңарту уақыт талабына толық жауап беретін және дер кезінде көтерілген бастама деп есептейміз. Сайлау халық бірлігін нығайтуға және оның еліміздегі дағдарысқа қарсы бағытты қолдайтындығына мүмкіндік беретіндігіне сенімдіміз.