15 Қаңтар, 2016

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының МӘЛІМДЕМЕСІ

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауларын мерзімінен бұрын өткізу жөніндегі бастаманы қолдау туралы

МӘЛІМДЕМЕСІ

Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының елде мерзімінен бұрын парламенттік және барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауын өткізу туралы Үндеуін толығымен қолдайды. Біз жаһандық экономикалық қатерлердің алдын алуға жауап ретінде Мемлекет басшысы ұсынған дағдарысқа қарсы шараларды шұғыл іс жүзіне асыруды барынша қолдаймыз. Өткізілетін сайлаудың маңыздылығы алда тұрған реформалардың ауқымын айқындайды. «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары кәсіпкерлікті дамытуға ерекше басымдық береді, инвестиция тартудың белсенділігін арттырып, қолайлы бизнес-ахуал қалыптастыруға жағдай жасайды. Мемлекет және кәсіпкерлердің әріптестігі мен ынтымақтастығының жаңа қағидалары сенімді экономикалық өсім үшін тың мүмкіндіктер ашып, берік әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз етеді. Біз тек біріккен күш-жігеріміздің арқасында ғана заң шығарушы биліктің жаңа сенім мандатына ие мықты және ұйымдасқан азаматтық тұғырнама қалыптастыратындығымызға сенімдіміз. Осыған байланысты еліміздің барлық азаматтарын бизнес және саяси партия өкілдерін алдағы сайлауды қолдауға және біздің мемлекетіміздің тұрақты түрде дамуына және тұрақтылығының нығаюына өз үлестерін қосуға шақырамыз