15 Қаңтар, 2016

Суретші Микеланджело сыйлығын алды

506 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
14.01.2016 Renat ElubaevХалықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты Ренат Елубаев Италияның астанасы Рим қаласында өткен халықаралық суретшілер байқауында жеңіске жетті. Байқауға 170-ке жуық қыл­қалам шеберлері қа­тысты. Кон­курсқа ол ұлттық нақыштағы сурет­терін ұсынды. Осы туын­дылары төрешілерге ұнап, оның кар­тиналары қазылардың шеші­мімен үздік деп та­нылды. Байқауда Ренат Елубаев Халық­аралық Микеланджело Моисей мүсіншесін алды. Сөйтіп, талантты отандасымыз қазақтан тұңғыш рет Халықаралық Микеланджело сыйлығының иегері атанды. «Мұндай үлкен сыйлықтар әртістерге, әншілерге беріледі. Ал, сурет біз үшін таң­сық дүние. Бұл байқауға жер-жүзінің барлық елдерінен қыл­қалам шеберлері қатысады. Қа­зылар солардың сурет­теріне қарап, бағаларын береді. Қастерлі мүсіншеге лайықтылар ғана ие болады. Сол сыйлық маған бұйырды», дейді Ренат Елубаев. Моисей мүсіншесі – Мике­ланджело Буонарроти жасаған атақты мүсіннің кішкентай көшірмесі. Оның тарихын айтсақ, 1505 жылы Юлий ІІ Рим Папасы ұлы шеберді шақырып алып, құлпытас жасауды тапсы­рады. Микеланджело мүсінді жасайды. Сол кезде Мои­сей мүсіні Римдегі ең бағалы туынды деп танылады. Ренат Елубаев импрессионистік модерн бағытында сурет салады. Импрессионизм «еркіндік», «бір сәттік» деген мағынаны білдіреді. Былтыр ол «Реализмнен алшақ» жанр бойынша Беларусьте өткен «Куршинале-2015» халықаралық өнер олимпиадасында «Сурет өнері» аталымында бас жүлдені жеңіп алған. Одан кейін АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өткен «New York Realism» fine art» атты бейнелеу өнері шеберлерінің халық­аралық байқауында «Алтын қыран» медалін иеленді. Қазір Ренат «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында жұмыс істейді. Дастан КЕНЖАЛИН, «Егемен Қазақстан».