15 Қаңтар, 2016

«Мәңгілік Ел» патриоттық форумы

245 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
_DSC0671Ел Тәуелсіздігінің 25 жыл­ды­ғына орай «Нұр Отан» пар­тия­сының облыстық филиа­лы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығымен бірлесіп «Мәңгілік Ел» пат­риот­тық форумын өткізді. Мұны осы бағыттағы кешенді істердің бас­тауы, тәуелсіздіктің тұғырын бекі­тетін саяси-мәдени іс-шара­лардың тұсаукесері десе де бол­ғандай. Партия мүшелері мен жас­тар қатысқан жиында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Айбек Сағиев сөз алып, Елбасы Жолдауында ай­тылған «Мәңгілік Ел» идеясына, оны жүзеге асырудың тарихи маңыздылығына тоқталды. Ілгері күнге үлкен үміт артқан болашақтағы жарқын істердің осы «Мәңгілік Ел» идеясынан арна тартатынын жеткізді. Мұ­ның өзі дамыған 30 елдің қатарына енуді межелеп отырған Қазақстанның қарқынды дамуына серпін беретінін атап өтті. – Өткен тарихқа тағзым да, бүгінгі бағытқа мақтаныш та, келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген ұғымға сыйып тұр. Отан­ды сүю – бабалардан мирас болған мұраны қадірлеу, оны сақтау, өз үлесіңді қосып дамыту, кейінгі ұрпаққа аманат етіп та­быс­тау. Қазіргі күні барша қазақ­­стандықтың міндеті осы болуы тиіс, – деді ол. Шарада Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік уни­верситетінің профессоры Нұр­таза Абдоллаев еліміздің 25 жыл ішінде қол жеткізген жетістігі мен Елбасының көреген саясатын сабақ­тастыра баяндады. «Мәңгілік Ел» бағдарламасының тарихи маңызының тұжырымдарын тарата әңгімеледі. Бұл идеяның патриоттық мәні мен тәрбиелік маңызына тоқталды. «Нұр Отан» партиясының белсенді мүшесі, Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің оқытушысы Бекзат Қаумешев жастар атынан сөз алып, елі­міз­дің тәуелсіздігі хақында тұ­шым­­ды ойларын ортаға салды. Тәуелсіздік жылдарындағы қол жет­кен табыстар мен игі ізденіс­терді салғастыра баяндады. – Тәуелсіз ел атанған тұста Елбасы алпауыт елдердің кепіл­дігін ала отырып, әлемде бірінші болып ядролық қарудан бас тартты. Ең алдымен елдің шекарасын нықтап алуға ұмтылды. Нұрсұлтан Әбішұлы әлемнің бар­лық елдерінен инвестиция тартты. Соның арқасында экономикамыз аяғынан тік тұрып қана қоймай, қауіпсіздігімізді де нығайтып ал­дық. Өйткені, бізде әлемнің «ауа райын» жасайтын елдердің бәрінің де бизнесі бар. Ал қыруар қаржы салып отырған олар біздің елде тыныштық болуына әбден мүдделі, – деді ол. Ал Қазақстан халқы Ассам­блеясының жанындағы Ғы­лы­ми-сараптама тобының мү­шесі, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік универ­си­те­тінің оқытушысы Дмитрий Мацюк еліміздегі достық туралы, бұл бағыттағы Елбасы ұста­нымдары хақында әсерлі әңгі­меледі. Мұғалжар аудандық білім бөлімінің тәлімгері, жас ақын Нұрбол Ыбыраев тәуелсіздік тура­лы жалынды жыр оқыды. Форум соңында патриоттық әндер шырқалды. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан». Ақтөбе облысы.