15 Қаңтар, 2016

Қуатты кәсіпорынның қолдауы

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ЭМГ благотворительность (ноябрь) 142015 жылғы мамыр­да Аты­рау­­да нөсер жаң­бырдан бірнеше от­басы зардап шеккен бо­­ла­тын. Бас­­­паналары жа­рамсыз болып, қи­нал­ған жандарға алдымен «Ембі­мұнайгаз» ак­цио­нерлік қоғамы көмек­тесуге ұйғарым жасады. Нақтылай айт­қан­да, тұруға жарамсыз деп танылған бір бас­па­наны толығымен қай­та тұрғызып, төрт үйді күрделі жөндеуден өткізді. Осы мақсат үшін «Ембі­мұнай­газ» АҚ орта­лық аппаратының ма­ман­дары бір күндік жалақыларын, яғни 18 млн. теңгені «Ембі-Демеу» қорына аударды. Ал құрылыс жұмыстарын жүргізуге жауапты мердігер мекеме анықталды. Жи­налған қаражатқа жалғызбасты зейнеткер Қалым Құр­мановтың бұзылған ескі баспанасының орны­на жаңа үй салынып, көп­балалы отбасы және тәр­биесінде мүмкін­дігі шек­­теу­лі балалары бар Жұ­ма­­гүл Көпбергенова, Ре­нат Сапаров, Лидия От­­- тен­бахер, Әй­герім Сү­лей­­меновалар­дың бас­­паналары күрделі жөн­деуден өткізілді. – «Ембімұнайгаз» АҚ Атырау облы­сы тұрғындары ал­дын­дағы әлеуметтік жа­уапкершілігін жете түсінеді. Өндіріс алаңдары орналасқан аймақтардың инфра­құрылымының дамуына үлес қосып, көмекке зәру жандарға әлеу­меттік қолдау көрсетуде. Кәсіпорын облыстық әкімдікпен ынтымақтастық мемо­рандумының аясында қайырымдылық шараларына ауқымды демеушілік көрсетіп ке­леді. Атыраудағы №1 Қазыбаев атындағы мек­теп-интернаттың тәр­бие­ленушілерін, соғыс ардагерлерін, мүгедектер ұйымын, мүмкіндігі шек­теулі балаларға ар­нал­ған медициналық орта­лықтарды қам­қор­лыққа алды, – дейді «Ембімұнайгаз» АҚ бас директорының орын­басары Рысты Тас­ма­ғам­бетова.  Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан». АТЫРАУ.