15 Қаңтар, 2016

Нарықты сапалы тауармен қамтыған

315 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
нептун 3Өзінің бизнесін ерте кезеңнен бастап дамытып келе жатқан Семейдегі «Нептун» ЖШС ба­лық және балық өнімдерін өнді­­­румен айналысады. Кеңес өкі­меті тұсында бұл кәсіпорын «Семи­палатинскрыба» деп аталатын. – Біз нарықты сапалы өнім­дермен қамтуды жөн көрдік, – дейді «Нептун» ЖШС директоры Қайрат Құсайынов, – бүгінде «Нептун» этикеткасы бар өнімдерді қаладағы 600 сау­да нүктесі сатып отыр. Және ресторандар мен кафелерде де «Нептун» тағамдары кездеседі. Майшабақ, кішкентай теңіз балығы, табан балық және тағы да басқа көптеген балық түр­лері осында тұздалып, қатта­лып, фабрикат және жарты­лай фабрикат түрінде сатылады. Тұрғындар да «Нептун» өнім­деріне жоғары баға береді. Себебі, ол ГОСТ технологиясына сәйкес жасала­ды. Өнімдердің бар­лығы ветеринарлық және сани­тарлық қадағалаудан өтеді. Сон­дықтан да өнімдерде денсау­лыққа зиян келтіретін химикаттар, консерванттар жоқ. «Нептун» ЖШС қарамағына түрлі цехтар мен тоңазытқаштар орнатқан бөлмелер кіреді. Жылына «Неп­тун» бюджетке 3,0-3,5 млн. теңге кө­лемінде салық төлейді екен. Бұл кәсіпорынға Шүлбі су қойма­сындағы балық аулау аумағы 2006 жылдан бастап тиесілі. Ол жерде балықтар ау салыну арқылы және қармақпен, тағы басқа да түрлермен ауланады. Жыл бойы балық аулау берілген квота, лимитпен сәйкес жүзеге асырылады. Жылына орта есеппен 60-70 тонна өзен балығы ауланады. Балықтың біраз бөлігі қайта өңдеуге жібе­ріледі, жартысы мұздатылған күйде сатылады. Міне, осындай балық өндірісі саласындағы ілгерілеушілікті қала әкімі Ермак Сәлімов те арнайы барып көріп, кәсіпорын ұжымымен танысты. Кәсіпорын ауланған балық орнын жас балық тұқымдарымен толтырып отырады екен. Қажет болған жағдайда балық түрлері Новосібір, Омбы, Барнаул қалаларынан, Павлодардан да әкелінеді. 2011 жылдан бастап, «Нептун» ЖШС Кеден одағының есептік тіркеу реестрінде тұр. Және өз өнімдерін Ресейге сау­далау арқылы кәсіпорын өзге де елдердің нарығына шығуды көздеп отыр. Кәсіпорында бұл күндері 25 адам жұмыс істейді. Олардың әрқайсысы жыл сайын біліктіліктерін арттыруда. Бұл үшін серіктестік басқа елдердің фирмаларынан мамандарды шақыртуда. Қазіргі уақытта олар гигиена сақтау, технологияны меңгеру және жаңа өнімдерді өңдеуді қолға алыпты, бұған жауапты Германиядан келген маман Анита Пиклапс. Раушан НҰҒМАНБЕКОВА. СЕМЕЙ.