15 Қаңтар, 2016

Лионель Месси ЭКСПО көрмесінің ерікті елшісі атанды

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
15-01-2016-Messi 01АСТАНА. 15 қаңтар. Әлемнің ең үздік футболшысы, бес дүркін «Алтын доптың» иегері Лионель Месси 2020 жылы Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өтетін ЭКСПО-2020 халықаралық көрмесінің ресми түрде ерікті елшісі атанды. Бұл туралы thenational.ae сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. ЭКСПО-2020 көрмесінің бас директоры, мемлекеттік министр Рим аль-Хашемидің айтуынша, Мессидің қатысуымен шараның беделі артып, оған қызығушылар қатары көбеймек. «Лионель Мессидің ойынын көзбен көру, ол өнер көрсететін «Барселона» клубының матчтарын стадионнан тамашалау кез келген футбол жанкүйерінің арманы десек, артық емес. Осындай даңқты тұлғаның Дубайда өтетін ЭКСПО-ның серіктесі болуы біз үшін үлкен мақтаныш. Енді бұл көрмеге қызығушылар сапына тек белгілі бір саланың мамандары емес, жастар да қосылады деп сенемін», – деді бас директор. Сонымен қатар, Рим ал-Хашеми көрменің шеңберін кеңейту мақсатында алдағы уақытта Месси сынды спортпен қатар, өнерде, мәдениетте және басқа да салада аты шыққан адамдар елшілікке тартылатынын айтты. Еламан Қоңыр. Дерек: thenational.ae. Сурет: facebook.com.