15 Қаңтар, 2016

Мадридтің қос командасына трансфер жасауға тыйым салынды

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
15-01-2016-RealАСТАНА. 15 қаңтар. Халықаралық футбол қауымдастығы (FIFA) алдағы екі трансфер уақытында Мадридтің қос командасы «Реал» мен «Атлетикоға» жаңадан ойыншылар сатып алуына тыйым салды. Бұл туралы eurosport.ru сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. «Реал» мен «Атлетико» командалары жастар футбол академиясына айрықша көңіл бөледі. Сондай-ақ, трансферлік саясатына бір жылға жуық тергеу жұмыстарын жүргізіп келген ФИФА басшылығы соңында осы шешімді шығаруларына тура келді. Халықаралық футбол қауымдастығының айтуынша, аталған қос команда кәмелет жасына толмаған жас ойыншыларды заңға қайшы түрде академияларына жаздырып алған. Мадридтіктер алдағы жаз бен келер қыс уақытында қатарларына жаңа ойыншыларды қоса алмайды. Сондай-ақ, «Реал» 900 мың швейцар франкін, ал «Атлетико» 360 мың швейцар франкін айыппұл ретінде төлеу міндеттелді. Қос команданың апеляцияға берулеріне болады. Айта кетейік, мұндай жағдайға Испанияның тағы бір командасы «Барселона» да тап болған. Каталондықтардың жаза мерзімі 1 қаңтарда аяқталды. Аян Әбдуәли. Дерек, сурет: eurosport.ru.