15 Қаңтар, 2016

Алматыдағы MEGA сауда орталығында опера әншілері ән салады

373 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
15-01-2016-OperaАСТАНА. 15 қаңтар. Алматыдағы MEGA ойын-сауық орталығында 17 қаңтар күні Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық опера және балет театрының айтулы әншілері концерт қоймақ. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Концерттік бағдарламада әншілері әлемдік және ұлттық классиканың алтын қорына енген композиторлар: Гаэтано Доницетти, Джакомо Пуччини, Франц Легар,  Иоганн Штраус, Джоаккино Россини, Сыдық Мұхамеджанов, Евгений Брусиловскийдің опера мен оперетталарынан дуэт пен ариялары орындайды. Айта кетейік, сауда орталығының субұрқағының жанында өтетін өнер шеруінде ҚР еңбегі сіңген қайраткерлері Дина Дүтмағамбетова, Болат Жомартов, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Талғат Күзембаев, басқа да Венера Алпысбаева, Анастасия Кожухарова, Торғын Смайлова, Дана Таласпекова, Илона Тен, Халид Нуралиев, Дархан Жолдыбаев, Болат Қанағатов, Мақсат Махұлбеков сынды солистер ән шырқайды. Концерт авторы мен фортепиано партиясы – Қазақстан Республикасы еңбегі сіңген қайраткері Гүлнәр Жидилова. « Әлемдік классикасының шедеврлары» концертінің бағдарламасы: Е. Брусиловский. «ҚызЖібек» операсынан Шегенің термесі Е. Брусиловский. «ҚызЖібек» операсынан Бекежанның әні Е. Брусиловский. «ҚызЖібек» операсынан Төлегеннің әні  «Ақбозат» Е. Брусиловский. «ҚызЖібек» операсынан Жібектің әні «Гәкку» Дж. Верди. «Риголетто» операсынан Джильданың ариясы Дж. Верди. «Риголетто» операсынан Герцогтың әні Дж. Верди. «Риголетто» операсынан Риголеттоның ариясы Дж. Россини. «Севильский цирюльник» операсынан Граф Альмавиваның каватинасы. Дж. Россини. «Севильский цирюльник» операсынанРозинакаватинасы Дж. Россини. «Севильский цирюльник» операсынан Фигаро каватинасы Дж. Пуччини. «Тоска» операсынан Тосканың Құдайға жалбарынуы Дж. Пуччини. «Тоска» операсынан Каварадосси ариясы Ф. Легар. «Весёлая вдова» опереттасынан  Ганна Главари мен  Граф  Данилоның  дуэты Ж. Бизе. «Искатели Жемчуга» операсынан Надирдың  романсы Ж. Бизе. «Искатели Жемчуга» операсынан Лейланың каватинасы Ж. Бизе. «Кармен» операсынан Хабанера Ж. Бизе. «Кармен» операсынан Хозеніңариясы Ж. Бизе. «Кармен» операсынан Хозе мен Микаэлланың дуэті И. Штраус. «Летучая мышь» опереттасынан Розалинда мен сағаты бар Генрихтың  дуэты И. Штраус. «Летучая мышь» опереттасынан Генрихтың әні Айнаш Есали. Дерек, сурет: egemen.kz.