15 Қаңтар, 2016

Ерлі-зайыпты Ескендір және Елена Ахметовтер сәбиді бауырына басты

327 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
15.01.2016 AST АСТАНА. 15 қаңтар. Жамбыл облысында дәретханадан табылған сәбиді асырап алуға ниет білдірген Ескендір және Елена Ахметовтер нәрестемен көрісті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Сәби 7 қаңтар күні Тараз қаласының маңындағы қоғамдық дәретханалардың бірінен табылған болатын. Содан кейін осы оқиғаны естіген Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылының тұрғындары Ескендір және Елена Ахметовтер  нәрестені асырап алуға ниет білдірген. Қазір олар сәбимен көрістіп, бауырына басып жатыр. Ал баласын тастап кеткен көкек ана Тұрар Рысқұлов ауданының 21 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазіргі таңда оны ата-аналық құқынан айыру мәселесі қарастырылуда. Дастан Кенжалин. Дерек: egemen.kz Сурет журналист Ақбөпе Қалиланың Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасынан алынды. 15.01.2016 AST-1