15 Қаңтар, 2016

Италияда әйгілі актер Франко Читти қайтыс болды

392 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
15-01-2016-AkterАСТАНА. 15 қаңтар. Италияның белгілі актері Франко Читти өткен бейсенбі күні ұзақ сырқатынан кейін, 81 жасына қараған шағында қайтыс болды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Ол Паоло Пазолинидің режиссерлігімен бірнеше фильмдерге түскен. Сондай-ақ, актер 1961 жылы шыққан «Аккаттоне» киносында басты рөлді сомдаған. Осыдан кейін Пазолинидің жеті бірдей ұсынысын қабылдаған Франко Читтидің атағы кеңінен жайыла бастады. Сонымен қатар, ағасы Серджионың 1979 жылы «Луна» («La luna») фильміндегі Бернардо Бертолуччидің рөлінде ойнады. Фрэнсис Форд Коппола өзінің әйгілі «Өкіл әке» («The Godfather» 1972) туындысындағы сицилиялық рөлді ұсынды. Айта кетейік, Франко Читтимен қоштасу шарасы Рим қаласына таяу маңдағы Фьюмичино қалашығында өтті. Аян Әбдуәли. Дерек, сурет: ТАСС.