15 Қаңтар, 2016

Үндістанда 4 содырдың көзі жойылды

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
15-01-2016-SodyrlarАСТАНА. 15 қаңтар. Үндістанның полиция қызметкерлері жарылыс ұйымдастырмақ болған 4 адамның көзін жойды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Полицейлер мен лаңкестердің арасындағы қақтығыс Чхаттисгарх штатына қарасты Бастар елді мекенінде болды. Жалпы, суық хабар бейсенбі күні келіп түскен. Көп ұзамай айтылған жерге келген тәртіп сақшылары қылмыскерлермен қақтығысқанн. «50 адамнан құралған жасақ қаруланған төрт адамның көзін жойды. Операция сәтті өтті», – дейді құқық қорғау органының қызметкері. Айта кетейік, 1980 жылдан бері Үндістанда содырлар қолынан 20 мыңға жуық адам қаза тапқан. Олардың басым бөлігі – бейбіт халық. Ең ірі қақтығыс 2010 жылы болған. Содырлардың атыс-щабысынан 1 мыңнан астам адам мерт болған. Ал 2014 жылғы қақтығыстан 600 тұрғын қаза тапты. Сондай-ақ, 2013 жылы Чхаттисгарх штатында лаңкестер бұрын-соңды болмаған шабуыл жасады. Ел үшін қауіпті саналған содырлар тобы аймақтық Үндістан ұлттық конгресіне (ҮҰК) баса-көктеп кіріп, оқ жаудырған. Оқиға орнында 24 адам мерт болды. Оның ішінде ҮҰК-ның бөлім басшысы Махендра Карма бар. Сондай-ақ, министрлікте бірнеше лауазымда қызмет еткен Видья Чаран да өлімнен қашып құтыла алған жоқ. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Сурет: news.caravan.kz.