15 Қаңтар, 2016

Үздік шетел фильмі бойынша «Оскардан» үміткерлер белгілі болды

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
15-01-2016-oskar 01АСТАНА. 15 қаңтар. Үздік шетел фильмі бойынша «Оскар» жүлдесіне үміткер кинотуындылар анықталды. Бұл туралы РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, Колумбия, Венгрия, Франция, Дания мен Иордания режиссерларының туындылары «Оскардың» ең үздік шет тіліндегі фильм номинациясына үміткерлер қатарына енген. Кино саласындағы ең беделді марапаттан үміткерлер арасында колумбиялық Сиро Герраның «Жылан құшағы», дат режиссері Тобиас Линдхольмнің «Соғыс», француз режиссері Дениз Гамзе Эргювеннің «Мустанг», венгерлік маман, «Алтын глобус» иегері Ласло Немештің «Саулдың ұлы» лентасы, Иордания режиссері Наджи Набу Авардың «Тәкаппарлық» атты кинолары бар. Бұл аталымдағы «Оскар» жүлдесі АҚШ-тан тыс жерде дүниеге келген картиналарға беріледі. Мұндай киноларда диалогтар ағылшын тілінде жүргізілмейді. Биыл байқауға қатысуға 80-нен астам елден өтініш келіп түскен. Айта кетейік, АҚШ Кинематографиялық өнер және ғылым академиясы ұсынатын киномарапатты тапсырудың 88-салтанаты Голливудта 28 ақпан күні өтеді. «Оскар» жүлдесі 24 номинация бойынша беріледі. Еламан Қоңыр. Дерек: РИА «Новости». Сурет: Academy of Motion Picture Arts and Sciences.