16 Қаңтар, 2016

Джакартадағы жарылысқа байланысты үш күдікті қолға түсті

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
16-01-2016-indonezia 01АСТАНА. 16 қаңтар. Индонезияның астанасы – Джакарта қаласындағы жарылыстарға қатысы бар деген күдікпен үш күдікті ұсталды. Бұл туралы 24.kz телеарнасына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Сонымен қатар, арнайы операция барысында жанкештілердің «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобына қатысы бар екендері анықталды. Бұған дейін жарылысты ұйымдастырушы Индонезия азаматы Бахрун Найм болуы мүмкін екені айтылған болатын. Тергеушілердің дерегі бойынша, ол бүгінде Сирияда жүр. Жергілікті полицейлердің бірі Антон Чарлиянның сөзіне қарағанда, қылмыскерлер жасырынған баспаналардың бірінен «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобының туы табылған. «Тергеу амалдары аяқталғанша нақты деректерді жариялай алмаймыз. Қазіргі таңда осы істі ашу үшін жұмыстар күшейтілген режімде жүргізілуде», – дейді тәртіп сақшысы. Айта кетейік, 14 қаңтар күні Джакартаның орталығында бірнеше жарылыс пен атыс болды. Салдарынан 7 адам қаза тапса, 24-і жарақат алды. Жаралылардың арасында шетел азаматтары да бар. Еламан Қоңыр. Дерек: 24.kz. Сурет: EPA.