1994 жылдың қысы сұмдық суық болды. Бұрын-соңды болмаған қар түсіп, аяз буып тұрып алды. Далада ықтасын жоқ. Малдың бәрі ауылдан шықпайды. Мал дейміз-ау, ақбөкенге дейін көшеде шауып жүрді ғой. Мектептен келе жатыр едік. Әбден тоңған бір топ бөкен көшенің арғы басынан шауып келеді екен. Ауылдың иттері қуып, маңдайлары қораға соғылып, шарбаққа маталып қалып жатыр. Оған таяғын шошаңдатқан адамдар қосылды. Біз секілді еріккен балалар қиқулап жүр. Суықтан сая іздеп кірген ақбөкендер мына жерден тыныштық таппайтынын білді ме, атызға қарай ағып өтті.
Сол жылы ақбөкен көп қырылды. Ақша жоқ, таршылық заман ғой. Ал ақбөкеннің мүйізі ең өтімді дүние. Күріштіктің ішінде төбе-төбе болып қырылып жатады. Тек мүйіздерін кесіп алған. Екі аяқты пенденің қатыгездігі ғой. Әйтпесе, осылай қырар ма еді, жазықсыз жануарды? Көрші Сәруар сол жылы Сырдан келе жатып, бөкеннің екі лағын тауып алыпты. Үйіне әкеліп, ешкінің сүтімен бақты. Аяқтарын апыл-талып басатын қос лақ бірер айда оңалды. Бірақ даланың малы қораға сыймайды. Көшеге қашып шығады. Оны ит қуады. Ақыры екеуі де аяқтарын қайта-қайта сындырып, әжетке жарамай қалды.
Жалпы, ел арасында ақбөкен, қасқыр-қоян секілді түз тағыларын асырап отырған адамдар әр кезде болған. Бірақ осы уақытқа дейін арқар асырап отыр деген адамдарды естімеппіз. Жаңақорғанда Қалау Әшімов деген таудың құзын мекендейтін, аңшылардың өзі сирек атып алатын арқардың қозыкесін бағып отыр екен.
«Арқарды тауда жылқы қарап жүріп тауып алдым», дейді Қалау. Анасын қасқыр тартып кетті ме екен, әлде аңшылар атты ма екен, белгісіз. Ен далада жалғыз қалған арқардың лағы алдынан шыққан. Содан үйіне әкеліп, сиырдың сүтімен баққан. Бүгінде қозыкеңіз әжептәуір өскен. Бір жасар. Қалау Әшімовтің қыр соңынан қалмайды. «Әкесі де, шешесі де мен ғой», деп күледі жігіт ағасы. Атын – Арко деп қойған. Ең қызығы, арқар иесін балаларынан да қызғанады екен. Қалау Әшімовке бауыр басып қалғаны соншалық, балаларын еміреніп сүйіп жатса, арқар шауып келіп орталарына түсетін көрінеді.
Жақында отағасы балалардың көже-қатығына деп бір ешкі сатып әкеледі. Сөйтсе, арқарекең ешкіден ажырамай қалады. Екеуі қораның ішінде ойнақтап, шауып жүр. Қалау мырза енді ешкіні союға қимай, арқарына қосақтап қойып отыр. «Дүкенге, ағайындардың үйіне барсақ, қасымыздан қалмайды. Машинаға да мініп алады. Өзі ерке», дейді Әшімов мырза.
Ержан БАЙТІЛЕС,
«Егемен Қазақстан».
Қызылорда облысы.

Көлсайдағы оқыс оқиға: Туристік микроавтобус беткейден құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 18:01
Алматыда ғимаратқа қан-жоса болып кірген ер адам қызметкерлердің зәресін алды
Оқиға • Бүгін, 17:31
Украиналық дрондар Екатеринбург пен Челябинскіге шабуыл жасады
Оқиға • Бүгін, 17:00
Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Бүгін, 16:41
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:04
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:52
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Бүгін, 15:38
Шемонаихадағы аурухана алаңынан табылған сүйектер елді дүрліктірді
Оқиға • Бүгін, 15:25
Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысқан азаматтарды марапаттады
Президент • Бүгін, 15:03
Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:53
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:30
Мемлекет басшысы: Экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды
Президент • Бүгін, 14:20
Президент: Тазалық ұғымы ұлтымыздың болмыс-бітіміне тән асыл қасиетке айналып жатыр
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:00
Қазақстанда 46 жаңа экоаумақ пайда болады
Президент • Бүгін, 13:22