Бүгінгі күнге дейін нақты да ізгі істердің ұйытқысы, бастамашысы болып келген «Нұр Отан» партиясы мен оның мүшелері ел дамуына өз үлесін қосып келеді. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың дағдарыстың қыспағы мен санкциялардың салқыны шарпыған әлемде тәуелсіз еліміздің қауіпсіздігін, экономикалық беріктігін, әлеуметтік әлеуетінің әлсіремеуін қадағалап және осы қауіп-қатерлердің алдын алу мақсатында жан-жақты қамтылған мемлекеттік бағдарламалары мен жобаларының, тапсырма-міндеттерінің тиянақты жүзеге асуына қолғабыс болып келеміз.
Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясы жетекші партия ретінде өңірлердегі түрлі мәселелерге назар аударып, мүмкіндігінше көмек беріп келеді. Мысалы, партия Маңғыстау облысында әлеуметтік жағынан әлсіз қорғалған отбасыларға жәрдем беру, жұмыссыздық мәселесін шешу, жастар мәселесі секілді біраз шаруалардың бастамашысы да болды, бел ортасынан да табылды, болашақта да осы бағытта жұмыстарды жалғастыра береміз. Өйткені, еліміздің сыртқы әсерлер себебінен туындаған, сондай-ақ туындауы мүмкін сын-қатерлерге лайықты қарсы тұруы үшін жұдырықтай жұмылған өзара ауызбірлік, бір-бірін қамқорлай білген татулық, мейірімділік қажет екені баршамызға түсінікті.
«Нұр Отан» партиясының өміршең ұстанымы, игі мақсат-мұраты партияның кезектен тыс XVII съезінде анық көріне білді. Партия төрағасы – Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың баяндамасында жаһандық экономиканың құрылымдық өзгерісіне байланысты әрекет ету, мұнай бағасының төмендеуіне қатысты шынайылыққа бейімделу, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында несиелендіруге мемлекет тарапынан қолдау көрсету арқылы Қазақстанда жұмыссыз жандар болмауын қамтамасыз ету, өзге де ел тағдырына қатысты көптеген мәселелерді айтты. Дағдарыс жағдайында біз Елбасы ұсынған бағытпен жүріп, Елбасы жүктеген тапсырма-міндеттерді орындаумен ғана өзіміз мақсат еткен биікке қол жеткізіп, қауіпсіздікті қамтамасыз ете аламыз.
Жиында партияның Бес институттық реформа шеңберіндегі «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарына негізделген «Қазақстан-2021. Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» жаңа сайлауалды бағдарламасы қабылданды. Сондай-ақ, биылғы жылдың 20 наурызында өтетін Мәжіліс сайлауына үміткерлердің партиялық тізімі бекітілді. Біз, Маңғыстау облысынан аталмыш съезге делегат болып қатысқан 24 және қонақ ретінде шақырылған 12 азамат осы тамаша сәттің куәгері болдық. Сондай-ақ, өзіміз партиялық тізімде ұсынған үш үміткерімізге сәттілік тілеп, барлық отандастарымыздан Елбасы алдымызға қойған тапсырма тек партияның міндеті ғана емес, баршамызға ортақ маңыздылыққа ие екендігін, сондықтан әрбір отаншыл іске қолдау білдіру қажет екенін айтқым келеді.
Халила НҰРҒАЛИЕВА,
«Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының
бірінші орынбасары.

Премьер-министр Щучинск пен Семейдегі өрттен кейін қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 16:50
Валюта бағамы өзгерді: Доллар күрт арзандады
Қаржы • Бүгін, 16:48
Иран президенті көрші елдерге үндеу жасады
Әлем • Бүгін, 16:39
Робот Темірбекпен пен барыс Әділет жастарды жаңа Конституцияны қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 16:30
Таяу Шығыс елдерінен бүгінге дейін қанша азамат жеткізілді?
Оқиға • Бүгін, 16:12
Енді азаматтар зейнетақы активтерін интернет-платформа арқылы бақылай алады
Инвестиция • Бүгін, 16:02
Ақмарал Әлназарова мереке қарсаңында медицина қызметкерлерін марапаттады
Медицина • Бүгін, 15:57
Астанада заңсыз ет өнімдерін сатып келген жасырын цех анықталды
Қоғам • Бүгін, 15:45
Ақмола облысында жылына 60 млн дана кірпіш өндіретін зауыт іске қосылады
Аймақтар • Бүгін, 15:34
Таяу Шығыстағы шиеленіс: Air Astana рейстерді тоқтату мерзімін ұзартты
Оқиға • Бүгін, 15:15
Айыппұл арқалап жүрмеңіз: Алматы – Астана тасжолында жаңа камералар іске қосылды
Қоғам • Бүгін, 14:50
Таяу Шығыс елдерінен қазақстандықтардың кезекті легі елге аман-есен жеткізілді
Саясат • Бүгін, 14:40
Әлихан Бөкейханның туғанына – 160 жыл: Астанада Алаш ардақтыларына тағзым етілді
Тұлға • Бүгін, 14:30
Шымкенттегі 4 адамның өлімі: Мамандар қайғылы оқиғаның алдын ала себебін атады
Оқиға • Бүгін, 14:17