Кеше «Нұр Отан» партиясының қолдауымен, «Жұлдыз» балалар ұйымдары одағының, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика және саясаттану факультетінің, сонымен бірге, Білім және ғылым министрлігінің Балалар құқықтарын қорғау комитетінің ұйымдастырумен «Бақытты жұлдыз астында» атты балалар және жастар бұқаралық ақпарат құралдары жас тілшілерінің ХІІ халықаралық медиафестивалінің ашылу салтанаты өтті. Шараның биылғы тақырыбы – «Балалар ақпараттық кеңістігі: кәсіби іс, шығармашылық ресурстары».
Медиафестивальдің негізгі мақсаты – жасөспірімдердің адамгершілік-рухани құндылықтарын байыта түсу, азаматтық сана-сезімі биік, ұлт тағдырына бей-жай қарамайтын ұрпақ қалыптастыру. Сондай-ақ, заманауи әлемдік ақпараттық стандарттарға сәйкес балалар мен жастарды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ел ісіне араласуға тәрбиелеу. «Жұлдыз» қоғамдық бірлестігіне кіретін БАҚ-тар мен «Балалар ақпараттық кеңістігі: кәсіби іс, шығармашылық ресурстар» форумы қатысушыларының көрме-тұсаукесері, «Юнкор-2016» және «ЖасМедиаKZ»: ең үздік балалар медиа орталығы» байқаулары, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы аясында «Қазақстан жастар саясатының өзекті мәселелері» тақырыбындағы мемлекеттік органдар, ЮНИСЕФ, «Нұр Отан» партиясы, «Жас Отан» жастар қанаты өкілдерінің, кәсіби журналистердің қатысуымен өтетін брифингтер, ақпараттық менеджмент, ақпараттық ресурстар негіздері бойынша болашақ тілшілерге арналған шеберлік сабақтары мен шығармашылық лабораториялар, және де «Әлем for you» қоғамдық баспасөз орталығының жұмысы – осының барлығы 28-31 наурыз аралығында болатын медиафестивальдің аясында өтетін іс-шаралар.
Айта кететін тағы бір жайт, аталмыш фестивальден аты озып дара келген дарынды жас тілшілер Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің журналистика және саясаттану факультетіне оқуға шақырылады. Ал, «Юнкор-2016» байқауының жеңімпаздары «Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымының БАҚ редакциясында қызмет етуге мүмкіндік алады.
Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан».

Халық жазушысы Мұхтар Шаханов дүниеден өтті
Қоғам • Бүгін, 22:45
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Бүгін, 18:13
Меруерт Өтекешова Баян Алагөзованың камзолы түпнұсқа екенін растады
Қоғам • Бүгін, 17:51
Аңсар Ниетқалиев Гуанчжоудағы ITF J60 турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 17:07
Дзюдошылар Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 16:52
Almaty Half Marathon: Шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд жаңарды
Қоғам • Бүгін, 16:31
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:19
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Бүгін, 15:23
АИТВ-мен күрес: Ем қабылдап жүргендердің 92%-ында вирустық жүктеме басылған
Денсаулық • Бүгін, 14:56
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Бүгін, 14:20
Жетісу облысындағы ұлттық саябақта қар барысы көзге түсті
Қоғам • Бүгін, 13:58
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 13:26
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:40
Өскеменде есірткі таратумен айналысқан 30 жастағы ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 12:25