31 Наурыз, 2016

11 үміткер өтті

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2016 жылы 29-30 наурызда Жоғары Сот Кеңесінің жа­нын­дағы Біліктілік комиссиясының судьялыққа кандидат­тар­дан біліктілік емтиханын қабылдау жөніндегі отырысы өтті. Емтихан үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде, судья­лық­қа кандидаттың теория­лық дайын­дығының деңгейі ком­пью­терлік тестілеу шеңберінде тек­­серілді. Екінші кезеңде, ауызша емтихан барысында кан­дидаттың өз білімін практикада қолдану қабілеті анықталды, мұн­да олар судьялық практиканы модельдейтін практикалық мы­­салдарды шешті. Ал енді үшін­ші ке­зең­де судьялыққа кан­дидат­тың психо­ло­гиялық пор­третін айқындау мақ­сатында пси­хологиялық тестілеу жүргі­зілді. Отырыстың қорытындылары бойынша судьялыққа 11 кандидат біліктілік емтиханының үш кезеңінен ойдағыдай өтті.  Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты.