31 Наурыз, 2016

Төлқұжат пен жеке куәлік екі күннің ішінде беріледі

827 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
30-03-2016 құжат2016 жылдың 1 сәуірінен бас­тап Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларының тұр­ғындары үшін жеке куәлік пен төлқұжатты жедел дайындап беру уақыты небәрі екі жұмыс күнін алады. – Биыл Ақтөбеде ашылған қосымша орталықтың арқа­сында басты құжаттарды беру мерзімі екі күнге қысқарды. Сон­­­дай-ақ, елі­міздегі төрт қ­а­ла­да да же­­ке куәлік алу мер­зі­мі екі күн бо­лады, – деді Ішкі істер минис­трінің орынбасары Ерлан Тұр­ғынбаев. Айта кетейік, бұған дейін төл­құжат пен жеке куәлік алу Шым­кент қаласының халқы үшін 15 күнге созылатын. Енді жарты ай бойы аталған құжатты күте­тін тұрғындар үшін бұл басты жа­ңалық болып отыр. Бұған дейін құжат дайындау орталықтары Астана мен Алматыда ғана болған. Сол се­бепті құжаттарды дайындау ұзаққа созылып кететін. Осы себепті Шымкент пен Ақтөбеде жеке куәлік беру уақытын қыс­қарту үшін жаңа орталықтар ашылды. Аян ӘБДУӘЛИ, «Егемен Қазақстан».