31 Наурыз, 2016

Қазақстан Республикасының Заңы № 479-V ҚРЗ

330 рет
көрсетілді
46 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және рұқсат беру рәсімдерін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы­ның Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; №12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; №16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құ­жат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құ­жаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құ­жат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құ­жат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 12, 82-құ­жат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 118, 122-құ­жаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 19-I, 99, 101-құжаттар; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115, 117-құжаттар; № 21-I, 124, 126-құжаттар; № 22-II, 145-құжат; № 22-VI, 159-құжат): 1) 13-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «5) облыстың жергілікті өкiлдi және атқарушы органдары­ның облыстық маңызы бар қалалардың шекарасын өзгерту мәселелерi жөнiндегi ұсыныстарын келiсу, сондай-ақ облыстық маңызы бар қалалар төңiрегiнде қала маңы аймақтарын белгiлеу мен өзгерту;»; 2) 43-баптың 2-тармағының алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана деңгейінде құрылатын комиссиялардың құрамына қоршаған ортаны қорғау, ауыл және орман шаруашылығы, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органдардың тиісті аумақтық бөлімшелерінің өкілдері де міндетті түрде енгізіледі. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының қалауы бойынша комиссияның құрамына басқа адамдар да енгізілуі мүмкін.»; 3) 44-1-бапта: 2-тармақтың үшінші бөлігіндегі «жоспарлары» деген сөз «жобалары» деген сөзбен ауыстырылсын; 8-баптың он бірінші, он екінші және он төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын: «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұратылған кезде азаматтардың өтініштері (қолдаухаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған кезде қанағаттандырылады. Азаматтарға жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру қағидаларын орталық уәкілетті орган бекітеді. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін тегін негізде беру кезінде азаматта жеке тұрғын үй құрылысы үшін мемлекет құқық берген жер учаскелерінің бар немесе жоқ екендігі ескеріледі. Арнайы есепке қою кезінде азаматта жеке тұрғын үй құры­­лысы үшін мемлекет құқық берген жер учаскелерінің бар неме­се жоқ екендігі ескеріледі, олар туралы мәліметтер мемле­кет­тік жер кадастрын жүргізетін Мемлекеттік корпорациядан сұратылады.»; «Бұл ретте тұрғындарының есептік саны жиырма мың адамнан асатын елдi мекеннiң егжей-тегжейлi жоспарлау жобасы немесе бас жоспарлары және тұрғындарының саны жиырма мың адамға дейінгі елді мекеннің егжей-тегжейлі жоспарымен біріктірілген бас жоспарлары (немесе тұрғындарының саны бес мың адамға дейiнгi елдi мекендердi дамытудың және құрылыс салудың оларды алмастыратын схемасы) болмаса, құрылыс үшiн жер учаскелерiн беруге тыйым салынады.»; 4) 71-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «1. Геологиялық, геофизикалық, iздеу, геодезиялық, топырақты зерттеу, геоботаникалық, жерге орналастыру, археологиялық, жобалау және басқа да iздестiру жұмыстарын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар бұл жұмыстарды жеке меншiк иелерiнен немесе жер пайдаланушылардан жер учаскелерiн алып қоймай жүргiзе алады.»; 5) 84-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) автомобиль және темір жолдардың құрылысы (реконструкциясы), әуежайлар, әуеайлақтар, аэронавигация объек­тілерінің және авиатехникалық орталықтардың, теміржол көлігі объектілерінің, көпірлердің, метрополитендердің, тон­нел­ь­дердің, энергетика жүйелері мен электр тарату желі­лері, байланыс желілері объектілерінің, ғарыш қыз­метін қам­тамасыз ететін объектілердің, магистральдық құбыр­лардың, ин­женерлік-коммуникациялық желілердің, стра­те­гиялық объек­тілерге жататын мұнай өңдеу өндірісі объек­ті­лерінің, кон­цессиялық жобаларды іске асыру, елді мекендердің ортақ пай­да­лануындағы объектілердің құрылысы (реконструкциясы);»; 6) 109-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қалалардың, кенттердiң, ауылдық елдi мекендердiң барлық жерi олардың бас жоспарларына, егжей-тегжейлі жос­парлау мен құрылыс салу (ондай жобалар болған жағдайда) жобаларына және аумақтың жер-шаруашылық орналастыру жобаларына сәйкес пайдаланылады.»; 7) 136-1-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Су қорының жерлерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру немесе су қорының жерлерін басқа санаттағы жерлерге ауыс­тырудан бас тарту туралы шешім осы Кодекстің 43-бабының 2-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органдар құратын комиссияның қорытындысы негізінде қабылданады.»; 8) 145-баптың 8-тармағы алып тасталсын; 9) 146-баптың 2-тармағының алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды тікелей жүзеге асыратын орталық уәкілетті органның өзге де лауазымды адамдары жердің пайдалануы мен қорғалуы жөніндегі мемлекеттік инспекторлар болып табылады.». 2. 2003 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Орман кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 16, 140-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құ­жаттар; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 27-құ­жат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құ­жат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат): 1) 13-баптың 1-тармағында: 18-12) және 18-13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «18-12) орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар, аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары, жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 18-13) орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тари­хи-мә­дени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруа­­­шылығының мұқтаждықтары; жанама орман пайдала­ну үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген өз қарауын­дағы мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайда­лану­­­шы­­ларға құрылыс объектілерін салуға учаскелерді береді;»; 18-42) тармақша алып тасталсын; 2) 15-баптың 15-2) тармақшасындағы «және осы учаскелерді осындай объектілер салу үшін пайдалануға рұқсат береді» деген сөздер алып тасталсын; 3) 31-баптың 2-1-тармағында: 1) тармақша «меншік құқығында» деген сөздерден кейін «не сенімгерлік басқаруда» деген сөздермен толықтырылсын; 3) тармақшадағы «үш» деген сөз «екі» деген сөзбен ауыс­тырылсын; 6) тармақшадағы «үш жылдық» деген сөздер «бес жылдық» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 102-2-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруа­шы­лығы мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік ор­ман қоры жерлерінде объектілер салу уәкілетті органмен келісіл­ген эскизге (эскиздік жобаға) сәйкес әзірленген жобалау (жоба­лау-сметалық) құжаттама бойынша жүзеге асырылады.». 3. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құ­жат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құ­жат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 57-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат): 1) 37-баптың 1-тармағының 7-5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «7-5) су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыруды, сондай-ақ құрылыс және басқа да жұмыстар жүргiзу шарттарын келісу тәртiбiн әзірлейді және бекітеді;»; 2) 39-баптың 7) тармақшасы алып тасталсын; 3) 40-баптың 2-тармағы 7) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыруды, сондай-ақ құрылыс және басқа да жұмыстарды жүргізу шарттарын;»; 4) 66-бапта: 8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) суды есепке алу құралдары;»; 9-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) суды тартуды есепке алу құралдары;»; 10-тармақта: бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «10. Арнайы су пайдалануға рұқсатты ресiмдеу үшiн өтiнiш берушi уәкiлеттi органның өңірлік органдарына мынадай құжаттарды:»; 1) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын; 6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «6) су тұтыну және су бұру көлемдерінің негіздемесі бойынша есептеулерді ұсынатын ауызсу мұқтаждықтары үшін су ресурстарын су дайындау және (немесе) су тұтынушыларға жеткізу үшін алып қоюды, тежеуіш гидротехникалық құрылыстардың көмегімен жер үстіндегі ағын суды реттеу жөніндегі қызметті, су объектiлерiн олардан су ресурстарын алып қоймай пайдалануды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаларды қоспағанда, су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын есептеулерді;»; 8) тармақшадағы «тізбесін ұсынады.» деген сөздер «тізбесін;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын: «9) су тартуды есепке алу құралдарының болуы туралы мәліметтер ұсынады.»; 11-тармақ алып тасталсын; 12-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын. 4. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы­ның Экологиялық кодексiне (Қазақстан Республикасы Пар­ла­ментінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-I, 141-құжат; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 1, 2-құжат): 1) мазмұнындағы 22-тараудың және 168 – 172-баптардың тақырыптары алып тасталсын; 2) 17-баптың 22) тармақшасы алып тасталсын; 3) 22-тарау алып тасталсын. 5. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құ­жат­тар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 11, 52-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; №19-I, 99, 100, 101-құжаттар; № 20-I, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115, 119-құжаттар; № 21-I, 124-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 136, 137-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат): 1) 273-бапта: 3-тармақтың бірінші бөлігіндегі «жүз сексен» деген сөз «жүз елу бес» деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақтың бірінші бөлігіндегі «алпыс» деген сөз «елу бес» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 471-бапта: кестедегі 1.8, 1.33-1, 1.34-1 және 1.78-жолдар алып тас­талсын; мынадай мазмұндағы 1.96-жолмен толықтырылсын: « 1.96.    Жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, сатып алу және экспонаттау    22 »; 3) 499-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттың (бұдан әрi – рұқсат) негiзiнде жүзеге асырылады. Бұл ретте мұндай рұқсаттарды жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган беретін, екі және одан да көп облыстың аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында, сондай-ақ сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарлар түрлерін ғылыми-зерттеу үшін аулау мақсатында жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсатты қоспағанда, жергілікті атқарушы орган береді.»; 4) 528-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырғаны үшін төлемақы (бұдан әрі – төлемақы) Қазақстан Республикасының аумағындағы жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін алынады.»; 1-1-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын; 2-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасы­ның заңнамасында белгіленген тәртіппен беретiн рұқсат негізінде елді мекендерде жарнама объектілерін орналастыру кезінде жүргізіледі.»; 5) 530-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі: 1) тармақша кестесінің 1-жолының 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: «Сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерi»; 2) тармақша алып тасталсын; 6) 534-баптың 1-тармағында: 14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «14) жүргізуші куәліктерін, тракторшы-машинист куәлік­терін, механикалық көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бергені үшін;»; 17) тармақшадағы «бергені үшін мемлекеттік баж алынады.» деген сөздер «бергені үшін;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын: «18) азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданы­лып жасалған бұйымдарды сатып алуға рұқсат бергені үшін мемлекеттік баж алынады.»; 7) 540-бапта: 5) тармақшада: мынадай мазмұндағы тоғызыншы және оныншы абзацтармен толықтырылсын: «азаматтық, қызметтік қару және оның патрондарын сатып алуға рұқсат бергені үшін – 300 пайыз; азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алуға рұқсат бергені үшін – 300 пайыз;»; оныншы және он бірінші абзацтар алып тасталсын; 9) тармақшаның тоғызыншы абзацы алып тасталсын; 8) 547-баптың 2-тармағында: 7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «7) жүргізуші куәліктерін, тракторшы-машинист куәліктерін, механикалық көлік құралдары және тіркемелерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бергені үшін – тиісті құжаттарды және мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бергенге дейін;»; мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын: «10-1) азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алуға рұқсаттар бергені үшін – тиiстi құжаттарды бергенге дейiн;»; 9) 565-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Дара кәсiпкер ретiнде тiркеу есебiне қою үшін жеке тұлға салық органына Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртiппен дара кәсiпкер ретінде қызметті бастағаны туралы хабарлама жібереді.»; 3-тармақтағы «дара кәсiпкердi,» деген сөздер алып тас­талсын; 10) 574-бапта: 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «4. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, осы баптың 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген (темекі өнімдерін көтерме саудада өткізуді қоспағанда) қызмет түрлері бойынша лицензиялауға жататын жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі деректерінің негізінде тиісті лицензия болған жағдайда жүргізіледі. Осы баптың 1-тармағының 1), 2), 5) (темекі өнімдерін өндіруді қоспағанда), 7), 8) және 9) тармақшаларында көр­сетілген жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей табыс етілетін, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын тәртіппен жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама негізінде жүргізіледі. 5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген хабарлама осы баптың 1-тармағының 1), 2), 5) (темекі өнімдерін өндіруді қоспағанда) және 9) тармақшаларында көрсетілген қызметті жүзеге асырған кезде салық органына мұнай өнімдерін өндірушінің өндірістік объектісіне, резервуарға, мұнай өнімдері базасына, автомобильдерге май құю станциясына, қойма үй-жайларына (темекі өнімдерін көтерме саудада өткізу кезінде) меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері немесе оларды жалдау шартының көшірмесі, көрсетілген шарттардың бірін бір жылға дейінгі кезеңге не мұнайды берушілер үшін мұнай өнімдерін өндірушімен жасалған мұнайды және (немесе) газ конденсатын қайта өңдеу (шартқа ерекшеліктердің қосымшасымен бірге) шартын жасасқан кезде қоса беріле отырып, табыс етіледі. Салыстырып тексеру үшін шарттың түпнұсқасы табыс етілмеген жағдайда шарттардың көшірмелері нотариатта куәландырылған болуы тиіс.»; 6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) хабарлама берілген күннен бастап;»; 11) 575-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «1. Тiркеу деректерінде көрсетiлген салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер туралы мәлiметтер өзгерген кезде салық төлеушi өзгерістер туындаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердiң тiркелген жері бойынша салық органына осы Кодекстiң 574-бабының 4-тармағында көрсетiлген хабарламаны беруге мiндеттi. 2. Салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтер өзгерген жағдайда, салық органы осы Кодекстің 574-бабының 4-тармағында көрсетілген хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық төлеушінің тіркеу деректеріне өзгерістер енгізуді жүргізеді. Осы Кодекстің 574-бабы 1-тармағының 1), 2) және 9) тармақшаларында көрсетілген жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші хабарламаға осы Кодекстің 574-бабының 5-тармағында көрсетілген салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтердің өзгергенін растайтын құжатты қоса береді. Салыстырып тексеру үшін шарттың түпнұсқасы табыс етілмеген жағдайда шарттардың және (немесе) шартқа қосымшалардың көшірмелері нотариатта куәландырылған болуы тиіс.»; 12) 576-бапта: 1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Салық органы салық төлеушіні осы Кодекстің 574-бабының 4-тармағында көрсетілген хабарлама негізінде лицензиялауға жатпайтын жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінен мынадай:»; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінен шығару үшін хабарлама осы Кодекстің 574-бабының 1-тармағында белгіленген қызмет түрлерін жүзеге асыру тоқтатылған немесе тіркеу деректерінде көрсетілген салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің жалпы саны есептен шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің тіркелген жері бойынша салық органына беріледі.»; 13) 651-баптың 3-тармағының үшінші бөлігі алып тасталсын. 6. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Рес­пуб­­ликасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парла­ментінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 65-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; 2015 ж., № 7, 33-құжат; № 10, 50-құжат; № 19-II, 102-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 143-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 23-II, 170-құжат): 1) 1-баптың 1-тармағында: 98) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «98) тәуелсіз сараптама – көрсетілетін медициналық қызметтердің тиімділік, толымдылық және стандарттарға сәйкестік көрсеткіштерін бейнелейтін индикаторларды пайдалана отырып, денсаулық сақтау субъектілері ұсынатын көрсетілетін медициналық қызметтер сапасының деңгейі жөнінде қорытынды шығару мақсатында сыртқы сараптама шеңберінде тәуелсіз сарапшылар жүргізетін рәсім;»; мынадай мазмұндағы 98-1) тармақшамен толықтырылсын: «98-1) тәуелсіз сарапшы – жоғары медициналық білімі бар және уәкілетті орган айқындаған, тәуелсіз сараптама жүргізуге үміткер жеке тұлғаларға қойылатын талаптарға сай келетін жеке тұлға;»; 2) 7-баптың 1-тармағында: 27) тармақша алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 102-1) және 102-2) тармақшалармен толықтырылсын: «102-1) сыртқы сараптама жүргізу кезінде тәуелсіз сарапшыларды тарту тәртібін бекіту; 102-2) тәуелсіз сарапшылар ретінде тәуелсіз сараптама жүргізуге үміткер жеке тұлғаларға қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;»; 3) 7-1-баптың бірінші бөлігінде: бірінші абзацтағы «Халықтың» деген сөз «1. Халықтың» деген сөзбен ауыстырылсын; 36) тармақшадағы «жүзеге асыру жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.» деген сөздер «жүзеге асыру;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 37) тармақшамен толықтырылсын: «37) балалар тағамы өнімдерін, тамаққа тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекциялау, дезинсекция­лау және дератизациялау құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу тәртібін айқындау жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.»; 4) 9-баптың 2-тармағында: 11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «11) сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатрия­лық сараптамаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес фармацевтикалық қызметті, денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет түрлерін, сондай-ақ медициналық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;»; 18-5) тармақшадағы «және аттестаттауды» деген сөздер алып тасталсын; 5) 13-1-баптың бірінші бөлігінің 5) тармақшасындағы «сау­дада өткiзу қызметі хабарлама жасау бойынша жүзеге асыры­лады.» деген сөздер «саудада өткiзу;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын: «6) биологиялық белсенді заттарға клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулер жүргізу қызметі хабарлама жасау бойынша жүзеге асырылады.»; 6) 14-бапта: 4-тармақ алып тасталсын; 6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «6. Денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеуді жүзеге асыратын орган (ұйым) денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу жөніндегі тиісті комиссияларды құрады және аккредиттелген субъектілердің деректер банкін қалыптастырады.»; 7) 20-баптың 7-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын: «5-1) тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, сыртқы сараптаманы жүргізу үшін уәкілетті орган айқындаған жағдайларды тал­қылау бойынша комиссия құруға бастамашылық жасауға;»; 8) 21-1-баптың 1-тармағының 5) және 7) тармақшалары алып тасталсын; 9) 57-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу кезінде дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға сараптаманы қоспағанда, денсаулық сақтау саласында сараптама жүргізуді жеке және заңды тұлғалар тиісті лицензияның негізінде және (немесе) заңды тұлғалар аккредиттеу туралы куәлік негізінде жүзеге асырады.»; 10) 58-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сыртқы сараптаманы: 1) уәкілетті орган, сондай-ақ уәкілетті орган айқындаған жағдайлар бойынша комиссиялық талқылау кезінде тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып жүргізіледі; 2) тәуелсіз сарапшылар – оларды ішкі және сыртқы сараптама қорытындыларымен келіспеген жағдайда жеке немесе заңды тұлғалар тартқан кезде, сондай-ақ шарттық негізде тәуелсіз сараптама жүргізу үшін денсаулық сақтау субъектілері жүргізеді.»; 11) 69-баптың 6-тармағының үшінші бөлігіндегі «уәкілетті орган айқындаған тәртіппен аттестатталған,» деген сөздер «оларды өткізу үшін оқудан өткен,» деген сөздермен ауыс­тырылсын; 12) 117-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Жарамсыз деп тану тиісті сараптаманы жүзеге асыруға лицензиясы бар мамандандырылған психиатриялық медициналық ұйымда құрылатын дәрігерлік комиссияның шешімі бойынша жүргізіледі.». 7. 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республика­сындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122, 123-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 52-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156-құжат; № 23-I, 169-құжат): 138-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «9. Төлеуші немесе үшінші тұлға төлеушінің шотына кеден баждарын, салықтар мен өсімпұлды төлеген кезде, тауарларды шығару үшін мына мәліметтер мен құжаттардың біреуі немесе бірнешеуі олардың төленгенiнің растамасы болып табылады: 1) қазынашылық органдары мемлекеттік кіріс органдарына күн сайын беретін бюджеттік сыныптаманың кодтары бойынша түсімдер есептілігі нысандары бойынша деректер; 2) төленген кеден баждары мен салықтар туралы «электрон­дық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы екінші деңгейдегі банк­тер және жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар берген мәліметтер мен ақпарат; 3) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайда – «электрондық үкімет» жүйесінде жасалатын электрондық чек; 4) мемлекеттік кіріс органдарының ғимараттарында орналас­қан екінші деңгейдегі банктің немесе банк операция­ларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның электрондық терминалдары арқылы төленген жағдайда – екiншi деңгейдегі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның электрондық терминалдары беретін чек; 5) мемлекеттік кіріс органдарының ғимараттарында орналасқан банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның кассалары арқылы төлеген жағдайда екiншi деңгейдегі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым кассаларының түбіртегі. Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінің 3), 4), 5) тармақ­шаларын­да көрсетілген құжаттар мемлекеттік кіріс органдарында осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген мәліметтер және ақпараттар болмаған жағдайда ғана талап етіледі. Осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген екiншi деңгейдегі банктердің және банк операция­ларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың мемлекеттік кіріс органдарымен жасасқан тиісті шарттары болуы тиіс. Тауарларды шығару мақсаттары үшін Қазақстан Республи­касының Ұлттық Банкі және оның филиалдары кедендік баждарды, салықтарды бюджетке төлеген кезде, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлем құжаттары көрсетілген кедендік баждардың, салықтардың бюджетке төленгенін растайтын құжаттар болып табылады.». 8. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжат­тар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құ­жат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құ­жат; №19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құ­жаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат): 1) мазмұнында: мынадай мазмұндағы 300-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын: «300-1-бап. Энергия беруші ұйымдардың электрмен жабдықтаудың сенімділік көрсеткіштерінің бекітілген нормативтік мәндерінен асып кетуі»; 605-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «605-бап. Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасын бұзу»; 2) 47-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «4. Тiзiлiмнен алып тастауды Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген негiздер бойынша және тәртiппен кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган және Қазақстан Республикасының жол жүрiсi туралы заңнамасында белгiленген негiздер бойынша және тәртiппен көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.»; 3) 269-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «1. Жекеше нотариустың, жекеше сот орындаушысының, адвокаттың мемлекеттік кіріс органында тiркеу есебiне қою туралы салықтық өтінішті және дара кәсіпкерді тіркеу есебі, жекелеген қызмет түрлері бойынша тіркеу есебі туралы хабарламаны берудiң Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген мерзiмдерiн бұзу – ескерту жасауға әкеп соғады.»; 4) 296-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет – шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; 5) мынадай мазмұндағы 300-1-баппен толықтырылсын: «300-1-бап. Энергия беруші ұйымдардың электрмен жаб­дықтаудың сенімділік көрсеткіштерінің бекітілген нормативтік мәндерінен асып кетуі Энергия беруші ұйымның электрмен жабдықтаудың сенімділік көрсеткіштерінің нормативтік мәндерінен асып кетуі – энергия беруші ұйымның лауазымды адамына бір жүз жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Ескертпе: Осы бапта энергия беруші ұйымның лауазымды адамы деп энергия беруші ұйымның бірінші басшысын немесе оның міндетін атқаратын адамды түсіну керек.»; 6) 604-бапта: бірінші бөліктің екінші абзацы «жеке тұлғаларға» деген сөздерден кейін «, лауазымды адамдарға» деген сөздермен толықтырылсын; екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «жеке тұлғаны біліктілік куәлігінен айыруға, көлік құрал­дарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының қызметін үш айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; 7) 605-бап мынадай редакцияда жазылсын: «605-бап. Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасын бұзу 1. Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөнін­дегі оқу ұйымының «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Респуб­ликасының Заңында көзделген міндеттерді орындамауы – лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымының қызметіне тыйым сала отырып, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 3. Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасының бұзылуын жою туралы жазбаша нұсқамасын белгіленген мерзімде орындамауы және (немесе) тиісінше орындамауы – лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; 8) 684-баптың бірінші бөлігіндегі «605 (үшінші және төртінші бөліктерінде)» деген сөздер «605 (екінші бөлігінде)» деген сөздермен ауыстырылсын; 9) 685-баптың бірінші бөлігіндегі «605 (бірінші, екінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде)» деген сөздер «605 (бірінші және үшінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын; 10) 690-баптың бірінші бөлігі «300 (барлық қуаттардағы қазандықтарды және жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) қоспағанда),» деген сөздерден кейін «300-1,» деген цифрлармен толықтырылсын; 11) 804-баптың бірінші бөлігінде: 1) тармақшадағы «605 (үшінші және төртінші бөліктері)» деген сөздер «605 (екінші бөлігі)» деген сөздермен ауыстырылсын; 22) тармақша «462,» деген цифрлардан кейін «463,» деген цифрлармен толықтырылсын. 9. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіп­­керлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламенті­нің Жаршысы, 2015 ж., № 20-II, № 20-III, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат): 1) мазмұнында: 37-баптың тақырыбы алып тасталсын; 11-тарау мынадай мазмұндағы 124-1, 124-2 және 124-3-бап­тардың тақырыптарымен толықтырылсын: «124-1-бап. Тауарлық және сұйытылған мұнай газын ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекіту 124-2-бап. Мемлекеттің артықшылық құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың бағасын бекіту 124-3-бап. Энергия өндіруші ұйымдардың тариф белгілеуі»; 2) 36-бап мынадай редакцияда жазылсын: «36-бап. Дара кәсіпкерлерді мемлекеттiк тiркеу тәртібі 1. Дара кәсіпкер (бірлескен дара кәсіпкерлік) ретінде мем­лекеттік тіркеу үшін жеке тұлға (бірлескен дара кәсіп­керліктің уәкілетті адамы) мемлекеттік кіріс органына тікелей немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы рұқсаттар мен хабарламалар саласындағы уәкілеті орган бекіткен нысан бой