31 Наурыз, 2016

Темір жолда пойыз қаққан адам қаза тапты

377 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
31-03-2016 poezdҚАРАҒАНДЫ. 31 наурыз. Қарағанды облысында жолаушылар пойызы 27 жастағы ер адамды қағып кетті. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Қайғылы оқиға Осакаровка кентіне кіре берісте болған. Ер адам белгіленбеген жерден өтіп бара жатқанында «Астана-Алматы» бағыты бойынша қатынайтын жолаушылар пойызының астына түскен. Қазіргі уақытта адам өліміне әкелген оқиғаға байланысты құқық қорғау органдары Қылмыстық кодекстің 344-бабына сәйкес тергеу амалдарын жүргізуде. Айта кетейік, жыл басынан бері темір жолдың тыйым салынған жерінен өткен 7865 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ал соңғы 3 ай ішінде 33 оқыс оқиға тіркелген. Оның жартысына жуығы адам өліміне әкеліп соққан. Қайрат Әбілдинов. Дерек: Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. Фото: rg.ru.