
Басылым • 01 Қаңтар, 2025
Басылымдар белесі – оқырман тойы
Биыл қазақ журналистика тарихындағы мерейтойлар жылы болғалы тұр. Есігімізді қағып тұрған ресми жаңа жылда қазақ руханиятында өзіндік орны бар бірнеше басылым мерейтойларын атап өтеді.
Қоғам • 01 Қаңтар, 2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жұмысшы мамандықтарының жылын жариялау туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Президент «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында: «Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз. Бұл «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына толық сай келеді. Қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі. Ең бастысы, әркім жауапкершілікті терең сезініп, өз міндетін сапалы атқаруға тиіс. Сонда ғана еліміз дамудың сара жолына түседі», деп атап көрсетті.
Қоғам • 31 Желтоқсан, 2024
Шетелдегі қазақтармен байланыс: 2024 жылғы басты жетістіктер
2024 жыл шетелдегі қазақтармен байланысты жаңа деңгейге көтерген жыл болды. Миллиондаған қандастарымыз тұратын елдерде түрлі іс-шаралар өткізіліп, қазақ тілін, дәстүрін және руханиятын жандандыру бағытында айрықша жұмыстар жүзеге асырылды. Әлемнің әр түкпіріндегі қандастар ұлттық дәстүрлермен қайта қауышып, тарихи Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттырды.
Жансарай • 31 Желтоқсан, 2024
Көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әлібек Асқаров оқырман қауымға бұған дейін тамаша роман, хикаяттарымен, мөлтек әңгімелерімен ғана емес, туған жеріміздің қайталанбас табиғаты туралы, сондай-ақ планетамыздың баз-бір таңғажайып өңірлері жайында, яғни сафари жанрында жазылған танымдық мәні зор туындыларымен де танымал қаламгер. Оның «Көккөл», «Мұзтау», «Шабанбай», «Шанағаты», «Қазығұрт», «Аспантау», «Тарғыл таулар, бұйра белдер», «Аюдың өті қайда?», «Қайырымды Үміт мүйісіне саяхат», «Қойға шапқан қара аю», «Бұғы қуып, аю алған», «Саха-Якутия: Ақ қар, көк мұз еліне сапар» аталатын шығармаларын оқырман жақсы біледі. Жұртшылық жазушы Әлібек Асқаровты бүгінде «табиғат жыршысы» деп қабылдайды және оның қаламынан әрдайым тек тұшымды дүниелер күтіп жүреді.
Спорт • 31 Желтоқсан, 2024
21 дарабоз! Олар неше жасында топ жарды?
Мақалаға арқау болған спортшылар – әр жылдары халқымыздың мерейін өсіріп, мәртебесін көтерген жампоздар. Біз олардың бозбала кезіндегі тұсаукесті ірі жеңістері мен басты жетістіктерін тізіп қана қоймай, спорт аламанындағы ерекше көңіл аударуға тұратын кейбір қалтарыс тұстарын да қамтуға тырыстық.
Зерде • 28 Желтоқсан, 2024
Тұлғалар тағылымы: Жұмабай Шаяхметов және Нұртас Оңдасынов
Күрделі кеңес кезеңінде ұлт маңдайына біткен қайраткерлердің елге сіңірген еңбегін лайықты бағалау – бүгінгі ұрпақтың міндеті. Тарихымыздағы ірі тұлғаларды бір-біріне қарсы қоймай, игі істерін байланыста қарауға тиіспіз. Президент Қ.Тоқаев кейінгі заман тұлғаларын байыптауға қатысты: «Тарих жолы тақтайдай тегіс, түзу бола бермейді. Бұрылысы мен қалтарысы жиі кездесетін дәуірдің сыншысы да көп. Ал нақты әрі батыл іс-әрекетке бара алатын адамдар сирек. Мұндай тұлғалар тарихты түзеді, жаңа заманды алға жетеледі», деп атап көрсетті.
Саясат • 28 Желтоқсан, 2024
«Ауыл» партиясы ауылмен ғана шектелмейді
Санаулы күндерден кейін 2024 жыл тарих қойнауына кетіп, адамзат жаңа 2025 жылдың жылнамасының алғашқы беттерін ашады. Әлем жұрты қазір күнтізбенің соңғы беттерін парақтап, биылға есеп беріп, келер жылға жоспар жасап жатыр. «Балапанды күзде санайды» дегендей, жетістіктерін кемелдендіру, кемшіліктерін жетілдіру мақсатында өткенін електен өткізіп үлгерді. Біз де – солардың қатарындамыз.
Пікір • 28 Желтоқсан, 2024
Алмас ЧУКИН, қаржыгер: Бюджет дағдарысының себебі тым тереңде
Өткен жылға өкпе жоқ. Көптеген секторда, әсіресе ауыл шаруашылығында оң нәтиже бар. Президент экономикалық реформалар тұрғысынан маңызды құжатқа – экономиканы ырықтандыру туралы жарлық шығарды.
Пікір • 28 Желтоқсан, 2024
Нұрлан Жұмағұлов: 2025 жыл жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
Мұнай-газ секторы үшін 2024 жыл оңай болмады. Өндіріс жоспары өз деңгейінде орындалған жоқ және мұнай бағасы өткен жылдармен салыстырғанда төмендеді. Сөйтіп, бюджетке және салық түсімдеріне кері әсерін тигізді. Сондай-ақ осы бағытта біраз жобаларды қаржыландыру мәселесі де әлі нақтыланған жоқ. Олардың кейбірі осымен үшінші рет кейінге қалдырылып отыр.
Пікір • 27 Желтоқсан, 2024
Әлеуметтік әділдікті орнату – басты міндет
Санаулы күндерден кейін жаңа 2025 жылға қадам басамыз. Өтіп бара жатқан 2024 жылы Сенат депутаттары Мемлекет басшысының реформаларын іске асыруға және халықтың жағдайын жақсартуға арналған заң шығару қызметіне белсенді қатысты. Нәтижесінде, жыл басынан бері Парламент 104 заң қабылдады.