Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
3276 материал табылды

Пікір • 27 Қыркүйек, 2024

Жастар мүмкіндігін кеңейтетін бағдарлама

«Болашақ» бағдарламасы 30 жыл бойы қазақ жастарының шетелде білім алуына, дамуына үлес қосып келеді. Осы уақытқа дейін біраз журналистер де стипендия иегері атанып, білім-білігін шыңдады.

Қоғам • 27 Қыркүйек, 2024

Мамандықты дұрыс таңдау маңызды

Жолдауда ел болашағына бейжай қарамайтын әрбір азаматтың назарын аудар­ғаны рас. Мемлекет басшысының Жолдауы елдің дамуын, ертеңге деген бағыт-бағдарын айқындап берді. Әрине, елімізді өркендету үшін әр салаға көңіл бөлінгені маңызды.

Пікір • 27 Қыркүйек, 2024

Мезгіл межелеген міндеттер

Мемлекет басшысының жаңа Жолдауында жүзге жуық бастама көтеріліп, міндеттер белгіленді, тапсырмалар берілді. Қоғамның әрбір сегменті бұл бағдарламадан өздеріне қажетті кейс тапты. Ең бастысы, бұл жолы да азаматтардың өмір сүру сапасын, олардың табысын арттыруға баса назар аударылды.

Тұлға • 27 Қыркүйек, 2024

Алып

«Неисчерпаемый» 1975 жыл. Алматыға өз шығармасы бойынша қойыл­ған фильмнің премьерасына Шыңғыс Айтма­тов келе қалды. «Лениншіл жастың» редакторы Сейдах­мет Бердіқұловтың редакцияның әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі Аян Нысаналин арқылы айтып жіберген сәлем-өтініші бойынша, жазушының жан досы, «Көктөбедегі кездесудің» телавторы Қалтай Мұхамеджановтың көмегімен әлемге әйгілі қаламгерден сұхбат алудың («Лениншіл жас», 26.11.1975) сәті түсті.

Өнер • 27 Қыркүйек, 2024

Өнер өрелі болсын десек...

Тәуелсіздіктің арқасында қазақ қоғамы өзгерді. Технократияға ұмтылыс басымдық алды. Әрине, оның шаруаға тигізетін пайдасы аз емес. Ұлттық руханияттың жағдайы да экономикамен бірге ширауы керек еді. Ата-бабадан қалған айнымас жолымыз бар. Бәрі санамызда кестеленіп, миымызға орнықпаса, қарын тойдырғанның біржақты көрсеткіші кемелденудің кепілі бола алмайды. Сондықтан руханияттың өзекті саласының бірі – көркемсуретті өркениет талаптарына сай өнегелеуге міндеттіміз.

Зерде • 26 Қыркүйек, 2024

Башқұрт ардақтаған Сәрке батыр

Асылдарымызды ардақтап, барымызды бағалай алып жүрміз бе? Жаһандану адами қадір-қасиетке ғана емес, адамзаттық болмысқа қатер төндіріп отыр. Ұлттық құндылықтардан ажырап қалуымыз да мүмкін. Бұл ретте атадан балаға мирас болып, сан ғасырдан бері жалғасып келе жатқан батырлық дәстүрден айырылып қалу қаупі тіпті айрықша алаңдатады.

Тарих • 26 Қыркүйек, 2024

Қайраткер әулетінің қасіреті

Алаш арысы, мемлекет және қоғам қайраткері, Мемлекеттік көпшілік кітапхананың тұңғыш директоры Ораз Жандосовтың туғанына 125 жыл толуына орай оның інісі Оразалы Жандосовтың туған қызы Раиса Оразалықызы Жандосовамен кездесу ұйымдастырған едік.

Пікір • 26 Қыркүйек, 2024

Тұтынушы мүддесіне сай бастамалар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында «көп тұтынасың – көп төлейсің» қағидатына жіті тоқталды. Бұл идея коммуналдық ресурстарды тұтынудың нақты нормалары мен коммуналдық қызметтерді есептеу, төлеуге жаңа тәсілді енгізуді көздейді. Жалпы алғанда, нормалар су, электр, газ және жылу сияқты әртүрлі ресурсқа қатысты.

Сараптама • 26 Қыркүйек, 2024

Жаһан жастарының дамуы қай деңгейде?

Ел болашағын қалыптастырудағы маңызды бағыт­тың бірі – жастардың дамуы. Бұл саланы 50 жылдан аса уақыт бойы зерттеп келе жатқан «The Commonwealth Secretariat» Достастық хатшылығы атты бірлестік бар. Биыл көктемде осы бірлестік «Жастардың жаһандық даму индексі – 2023» деп аталатын ғылыми есепті жариялады. Бұл есепте 183 елдегі ілгерілеу өлшенген.

Білім • 26 Қыркүйек, 2024

Танымды кеңейтетін жол

Қазіргі жаһандану заманында білім беру, тек академиялық біліммен шектелмейді. Оқушылардың жаһандық мәселелерді терең түсінуі, сыни ойлау қабілеті, экологиялық білім, адам құқығы, этика (көркем мінез), өмір сүру қауіпсіздігі, медиа­сауаттылық һәм қаржылық сауаттылық секілді дағды­лар­ды меңгеруі осы күннің маңызды талап­тарына ай­на­лып отыр. Аталған дағдылар осы ғасырдың бас­ты қажет­ті­ліктерін толық қамтып, ел болашағына ықпал етеді.