Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
3276 материал табылды

Табиғат • 12 Маусым, 2024

Орман көбейсе, табиғат көркейеді

Еліміздегі ормандардың жалпы ауданы 13,5 млн гектарды құрайтын болса, оның жартысына жуығы сексеуілді алқаптарға тиесілі. Қазіргі кезде жеріміздің басым бөлігі әртүрлі деңгейде тозып барады. Сондықтан Президенттің бастамасымен іске асып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының маңызы аса зор.

Сараптама • 12 Маусым, 2024

Бала тәрбиесі: Ата-ана неге алаңдайды?

Бала тәрбиесі мен ұрпақ болашағы – ата-аналарды алаң­да­татын басты мәселенің бірі. Ақпарат ағыны мен техно­ло­гия­ның заманында ұрпақ тәрбиесіне терең мән беру өзекті екені даусыз. Осы тақырыпта әлемнің жетекші зерттеу орталықтары өз есептерін жариялап келеді. Бүгінгі мақа­ла­да IPSOS (Institut Public de Sondage d’Opinion Secteur) ұсынған «Болашақта не болады: бала тәрбиесі» (What the future: parenting) атты бала тәрбиесіне қатысты есебін ұсынамыз. Есепте бүгінгі және келешектегі ата-аналардың нені қалайтыны, бала тәрбиесіндегі жаңа үрдістердің талдауы ұсынылады.

Саясат • 12 Маусым, 2024

Реформаның үштағаны: жасампаздық пен жаңғыру жолы

Барша қауымға белгілі, жалпы жұртқа жария бір ақиқат бар. Еліміз кейінгі бес жылдың бедерінде мүлде өзгеріп, билік құрылымынан бастап қоғамдық-саяси санаға дейін түбегейлі жаңғырып жатыр. Бұл жаңғыру батыл қадамдарға, байыпты шешімдерге табан тірейтіні сөзсіз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған сол саяси бағдар жөнінде тарқатып айтқан жөн болар.

Руханият • 11 Маусым, 2024

Жазудағы көңіл күй хошы

Газет бастауында тұрған Мұхамеджан Сералиннің қалай жазғанынан беймәлімбіз. Ал осы басылымның тағы бір басшысы Бейімбет Майлиннің маңдайына түскен қою шашын саусақтарымен шиырлап, түнгі терезеге жанарын жасқана қадап қойып, сүйкектетіп отырғанын елестетеміз. Сыртта үрей кезіп жүр, қағынан заманның сұсы жаман. Көбіне алаң көңілін жазумен басқан екен, жарықтық, естеліктерден білетініміз солай. Сонда да қандай құқайға қармастан өздері ашқан «Ауыл» (бүгінгі облыстық «Қостанай таңы») газетін шығарудан айнымаған ғой. Сол арыстардың жалғасы – кейінгі ағаларымыз қалай жазды екен деген таңсық сұрақ, міне, жүз екі жыл бедерінде де еліктіріп қоймайтыны несі екен?

Тәрбие • 11 Маусым, 2024

Ұрпақ тәрбиесінің жүгі

Адамзаттың арманы асқақ, үміті зор, келер күнім кемел болса екен, арғы күн оданда биік, таңы жадырап атып, күнін бұлт шалмай, күліп тұрса екен дейді. Бұл көбіне, қарапайым бұқараның тілек-тілеуіндей көрінетіні және бар. Осымен күн кешіп, өмір өткізіп келеміз. Мұндай тірлікте құт мекен – жері бар, көзге түртіп көрсетер рухани құндылығында кемдік жоқ, өнегесі өрісті, өренді ұрпағы бүтін, түтіні түзу шығатын жұрттар ғана алаңсыз болатыны ақиқат.

Руханият • 08 Маусым, 2024

Рухани бағдардың елдік мұраты

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында: «Біз халқымыздың рухани негізін құрметтей отырып, мемлекетіміздің зайырлы ел ретіндегі мәртебесін күшейте түсуіміз керек. Таразы басында өскелең ұрпақтың рухани жағынан сау-саламатты болу мәселесі тұр. Біз, ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Кітапқұмарлық – жақсы қасиет. Шын мәнінде, озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қоғамда барынша орнықтыруымыз керек», деп атап өтті.

Тарих • 07 Маусым, 2024

Шоқанның қарындасы

Бүгінгі Астана тарихы терең де толғамалы. Байырғы Ақмола зиялылары, қайраткерлері кезең-кезеңмен зерделене бермек. Осы қалада Шоқанның туған қарындасы өмір сүріп, сүйегі «Жастар» шағын ауданындағы қорымға қойылғанын білеміз бе? Суреттері ­тарихты нұсқап отыратын фотограф Константин Шаховтың рухы шат болсын, 1923 жылы Пішпекке (қазіргі Бішкек) көшкенше көп дүниені аспабының шүріппесімен хаттап кетіпті.

Маман • 07 Маусым, 2024

Заңгер даярлаудың көкейкесті міндеті

Мемлекет пен қоғам өмірінде құқықтың атқаратын рөлі аса маңызды. Өйткені барлық сала құқық нормалары арқылы реттеледі. Құқық ережелерді белгілеп, олардың орындалуын қамтамасыз ету арқылы қоғамдық тәртіптің сақталуына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына кепілдік беретін жүйені қалыптастырады. Ал құқықтық білім – осы маңызды міндеттерді жүзеге асырудың негізгі тетігі.

Мәдениет • 07 Маусым, 2024

«Түрік» сөзі хақында бірер сөз

Тарихи таным үнемі жаңғырып, жаңарып отыратын үдеріс десек, бүгінде «түрік» этнонимінің төңірегінде түрлі ой айты­лып, термин таным таразысына қайта түсіп отыр. «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған пікірлер осыны аңғартады. Бұл өзі бұрын сөз болған, бірақ нақты ғылыми шешімін тап­па­ған мәселе болғандықтан күн тәртібіне қайта қойылып отыр. Бай­қасақ, бүгінде «түрік» сөзіне байланысты пікірлер екіге жарылған. Біреулері «түркі» сөзжасамын дұрыс санаса, екін­шілері «түрік» деген қолданысты құп көреді. Бірақ «түрік» сөзі­нің этимологиясы мен семантикасына қатысты жаңаша пікір­лер айтып жатқандары аз. Әркім өз ұстанымын орта­ға салып, өзге мәселелерге мән бермейтін сияқты.

Басылым • 06 Маусым, 2024

«Кедейден» кемелденген басылым

Биыл облыстық «Ақтөбе» газеті ғасыр биігін бағындырып отыр. Республикадағы байырғы әрі танымал басылымдардың біріне айналған газеттің тамырлы тарихы, жемісті жолы, игерген белестері бар.