Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
3276 материал табылды

Тұлға • 06 Маусым, 2024

Семейдегі «сәтбаевшылдық»

Академик Әлкей Хақанұлы Марғұлан: «Революциядан бұрынғы қыр қазақтары арасында Сәтбаевтардан көп оқыған ауыл болған емес. Олардың ішінде Қаныштың ағасы Әбікей Сәтбаев Омбының семинариясын бітіріп, сол кездің өзінде орыс тілі мен әдебиетінің бірінші маманы болып шығады. Бүгінгі Шығыс Қазақстан, Семей, Павлодар облыстарынан шыққан жастардың Әбікейден оқымағаны кемде-кем болу керек ...» дейді. Әбікей Зейінұлы Сәтбаев – есімі қазаққа танымал ағартушы-педагог, Алашорда ұлт-азаттық қозғалысына қатысушы қайраткер, Семей қаласында ашылған қазақ педагогикалық техникумының алғашқы директоры. «Қазақ тілі» газетінің 1923 жылғы 1 сәуірдегі бас мақаласында: «Бұл мектепте Әбікей ағамның тырысып, тыныштық таппай істегенімен ғана ашылып, жүзге тарта шәкірт оқып жатыр» деп жазды жоғарыда аталған педтехникум директоры туралы.

Тұлға • 06 Маусым, 2024

Қайраткердің әдебиеттану мұрасы

Мемлекет басшысы тарихымыздың күрделі кезеңдерін терең зерделеп, жазықсыз жапа шеккен боздақтарды ақтау ісін жалғастыру аса маңызды іс екенін атап көрсетті. Бүгінгі айтпағымыз да саяси­ қуғын-сүргін құрбаны болған тарихи тұлғалардың бірі, биыл туғанына 130 жыл толған Сұлтанбек Қожанов туралы. Әділетсіз қоғамның тақсіретін көп тартқан осы қайраткер кешегі 90-жылдарға дейін елеусіз, ескерусіз қалып келді. Қарт Қаратаудың теріскей бетіндегі шежірелі Созақ жерінде, дәлірек айтқанда, әулиелі Ақсүмбе, періштелі Ақбикеш баурайында дүниеге келген ол Түркістан, Ташкент, Орынбор, Қызылорда, Мәскеу, т.б. қалаларда оқып, еңбек етіп, саяси тұлға деңгейіне көтерілді. Тәрбие көзі ұстаздық еңбек пен хатшылық, комиссарлық қызметтің қай-қайсысын атқарса да елдік ұстанымнан айныған жоқ. Қожановты қайта тану сол тоқсаныншы жылдары жаңа бір күшпен белең алды. Профессор Темірбек Қожакеевтің, ҰҒА корреспондент-мүшесі Амантай Шәріптің, жазушы ғалымдар Бейбіт Қойшыбаев, Жолтай Әлмашұлы мен Дулат Тұрантегінің әр кезде жарық көрген еңбектері қайраткердің әр алуан қырын ашып, халыққа танытып жатыр.

Қоғам • 05 Маусым, 2024

Ұрпақтың амандығына алаңбыз

Балаларды қорғау күні жақындағанда бала мәселесіне үңілетін әдетіміз бар. Биыл балаларды қорғауға бағытталған арнайы заң қабылданып, тәртіп күшейе түсті. Сондай-ақ еліміз БҰҰ Бала құқықтары туралы конвенцияға қол қойғанына 30 жыл толып отыр. Көз қуанышымыз деп жүрген баланы қорғау үшін басқа қандай шаралар атқарылды?

Тұлға • 05 Маусым, 2024

Қазақ режиссурасының қарлығашы

Биыл – қазақ қыздарының ішінен шыққан алғашқы театр режиссері, елімізде театр өнерінің негізін қалаған тұлға­ның бірі, Қазақстанның халық әртісі Ғайни Хайруллинаның туғанына 110 жыл.

Сараптама • 05 Маусым, 2024

Мемлекеттік басқару: ЖИ стратегиясы

Өткен жылы БАҚ-та жасанды интеллект (ЖИ) бұрын­ғы­­­дан да көп жазылды. Бұл саладағы же­тіс­­­тіктер, Еуро­­­па­­лық одақтың ЖИ туралы заңы, оны реттеудегі ауқым­­­ды жобалар мен әлемдік жиындардың жиі өтуі адам­зат баласының наза­рын өзіне аударды. Бүгінде жасанды интеллектінің транс­фор­мациялық әлеуеті даусыз, маңыздылығы да жоғары.

Саясат • 05 Маусым, 2024

Бірлік пен даму: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси бағдарының басты негіздері

  І. ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ МӘНІ НЕДЕ? Ішкі саясат саласында ақпарат ағыны әрдайым жылдам алмасып отырады. Белгілі бір кезеңде саяси реформалар, сайлаулар мен кадрлық ауыс-түйістер ел назарында болды. Содан соң отбасылық зорлық-зомбылық, қарғын сумен күрес мәселесі күн тәртібіне шықты. Дегенмен билік құрылымдары түгелдей күнделікті мәселелермен айналысып жатқанына қарамастан, мемлекеттік саясаттың негізгі бағдарына сәйкес ілгерілеу үшін жүйелі жұмыс жалғасып келеді.

Қоғам • 04 Маусым, 2024

Ешқашан сарқылмайтын күш-қуат

Қазақ – ежелден өзінің ен-таңбасы мен көк байрағын қасиеттеп, қастерлеп ұстаған халықтың бірі. Небір заманалардың тар жол, тайғақ кешу кезеңдерінде өз елінің таңбасы мен байрағын еш жауға бермеген, ешкімге де алдырмаған. Сол ұлы қасиет дарығын халқымыз бүгінгі күні өзінің Туын көтеріп, Елтаңбасын жарқыратып, Әнұранын шалқыта шырқап, төрткүл дүниенің төрт бұрышына, айдай әлемге танылып отыр.

Тұлға • 04 Маусым, 2024

Экологиялық педагогиканың ізашары

Халықтың жақсы сөзі бар: «Таулар алыстаған сайын асқары айбынды көрі­неді». Тау тұлғалы адамдар өмірден озып, бақилық өмірге көшкен кезде, олардың бейнесі жүректе өшпейді, көз алдыңнан кетпейді. Сондай адам­­дардың бірі – белгілі қоғам қайраткері, педагогика ғылымдарының док­торы, профессор, Халықаралық акмеология және Қазақ халық экология академиясының академигі Нұрғали Сарыбеков. Биыл ғалым-ұстаздың туғанына – 90 жыл. Біз жаңарған еліміздің экология құндылықтары мен осы бағдардағы әке еңбегін сабақ­тас­тыра зерделеуді жоғары білім саласының қайраткері, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Махметғали Нұрғалиұлы Сарыбековтен өтінген едік.

Пікір • 01 Маусым, 2024

Адал азаматтар – ел болашағы

Ұлттық құрылтайдың Атырау қаласында өткен жиынында Мем­ле­кет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ұлт сапасын жақсартамыз десек, бір ел болып жаңа құндылықтар жүйесін қалыптастыруымыз қажет. Аға буын жас ұрпаққа жол нұсқап, дұрыс бағыт-бағдар беруі керек», деп жастардың тәрбиесіне ерекше назар аудару қажеттігін айтты.

Руханият • 01 Маусым, 2024

Қазақтың қайраткер қызы

«Қайраткерлігін жазудың азабы мен қуанышы қатар жүретін күрделі жолымен үндестіріп жүрген санаулы қазақ қыздарының бірі – Сайраш Әбішқызы», депті жазушы Мағира Қожахметова. Шындығында солай. Мұны кейіпкеріміздің тағылымды өмір жолынан көреміз.