
Таным • 16 Мамыр, 2024
Қазақ есімдері: астарлы ақиқат
Есім – адамды атайтын тілдік құрал. Күнделікті өмірде оны жеке иесінен гөрі, сырттайғы адам көбірек қолданады. Психологиялық басымдыққа ие, сондықтан «жақсы есім – жан тынысы» десек қателік болмайды. Жақсы есімді айтқанда айтушы да, тыңдаушы (есім иесі) да сүйсінеді. «Жақсы» десе жан семіреді» демекші, тілде жақсы есімнің бар болуының өзі адамға сүйініш сыйлайды.
Тұлға • 16 Мамыр, 2024
Қайраткер Қаратай Тұрысов атындағы аудитория ашылды
Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде Қазақстан Республикасының белгілі геологы, экономист, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Қаратай Тұрысовтың туғанына 90 жыл толуына арналған «Геологиялық саланың даму мәселелері мен болашағы: Білім-ғылым-өндіріс» атты дөңгелек үстел өтті. Ізгілікті іс-шара қарсаңында дәріс аудиториясына Қаратай Тұрысұлының есімі берілді. Ғалымның Қазақстанның инженерлік ғылымының және өндірісінің дамуына қосқан үлесі өлшеусіз, сіңірген еңбегі ұшан-теңіз.
Тұлға • 16 Мамыр, 2024
Ақпан айының 16-сы болатын. Жұмыс орнымызға аудандық Ауған соғысы ардагерлері қоғамының төрағасы Досан Әділов бас сұқты. Жанында Ауған соғысының ардагері, отставкадағы майор Камалбек Бектелеуов бар.
Пікір • 16 Мамыр, 2024
Өзара жанашыр болу – елге жанашыр болу
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтай отырысында: «Өспейтін елдің баласы өнбейтін дауды қуады» деп бекер айтпаған. Өткен іс өтті, енді оны ешкім өзгерте алмайды. Уақыт ең әділ төреші екенін ұмытпайық. Бізге бітпейтін дау-дамай емес, мызғымас ынтымақ пен бірлік керек» екенін айтты.
Таным • 15 Мамыр, 2024
Кеңес заманы адамды аяу дегенді білмеді, тарихтың дүрбелең тартысына салып, қатал сындардан өткізе отырып, адам тағдырын ойыншық етті. Академик Серік Қирабаев
Ғылым • 15 Мамыр, 2024
Құзыреті құлдыраған гидрология
Еліміздің 10 облысында су тасқыны жүріп, халық біраз әбігерге түсті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бас болып, орталық атқарушы билік және жергілікті әкімдер қолдан қелген барлық мүмкіндігін табиғаттың тосын мінезін ауыздықтауға жұмсады. Бастысы, барлық елді мекенде тұрғындар мен басқа облыстардан келген еріктілер ерен еңбек үлгісін көрсете білді. Апат еңсерілгеннен кейін бұған кім кінәлі деген сұрақ туып жатыр, оған сарапшылар әртүрлі уәж келтіреді. Өз тарапымнан тасқын су апатын дер кезінде болжай алмаған және жергілікті атқарушы органдарға жеткізе алмаған басты фактор гидрология саласының тоқырауы дер едім.
Сараптама • 15 Мамыр, 2024
Орнықты даму мәселесі – тауарды жеткізудің халықаралық тізбегі өзгеріп, аймақтық қақтығыстар мен санкция салдарының әлемдік экономикаға әсері адамзаттың күнделікті өмірінде сезіліп жатқан бүгінгідей уақытта өзекті тақырыптың бірі. Осыған орай оқырман назарына «Жаһандық орнықты бәсекеге қабілеттілік индексін» ұсынамыз.
Тұлға • 15 Мамыр, 2024
Елдегі машина жасау мектебі өткен ғасырдың 70-жылдары қалыптасып, ғылыми негізі нығая бастады. Қазақ инженер-механиктері ауыр өнеркәсіп пен тау-кен өндірісіндегі техникаларды жетілдіруге белсене араласты. Оның бастауында техника ғылымдарының докторы, профессор Серғазы Жиенқұлов тұрды.
Ғылым • 15 Мамыр, 2024
Халқымыз «Білім – инемен құдық қазғандай» дейді. ХІ–ХІІ ғасырда өмір сүрген ғұламалар Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, т.б. еңбектерін сол кездегі туған жұртына жақын тілмен жазудағы мақсаты – өздері жақсы меңгерген араб тілін сыйлай отырып, түркі ғылыми тілінің мәртебесін көтеру еді. Бірде академик-математик Мұхтарбай Өтелбаев жиылған зиялы қауым алдында: «Менің ғалымдығым да, профессорлығым да қазақтығымнан садаға. Алдымен қазақпын, мұсылманмын, сонан кейін ғалыммын. Ата-бабамның аруағын сыйламасам, мыңдаған жыл өмір сүрген ана тілімде сөйлемесем, ата салтымды сақтамасам, мен ешкім емеспін», деп ой айтқаны жадымызда.
Басылым • 15 Мамыр, 2024
Қазақтың ата тегі туралы кітап қытай тілінде шықты
Еліміздің антрополог ғалымдары – ҰҒА академигі, Болония Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Оразақ Смағұлов және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті археология және антропологиялық зерттеулер ғылыми орталығы физикалық антропология зертханасының аға ғылыми қызметкері Айнагүл Смағұлова Алматының «Arna» баспасынан «Қазақ халқы және ата тегі» атты кітап(2020) шығарған еді.