
Тарих • 03 Мамыр, 2024
Таяуда Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысы өтті. Кейінгі 3 жылда Мемлекеттік комиссия құрамында 425 ғалым мен зерттеуші, оның ішінде 260-тан аса маман аймақтық комиссияда еңбек етіпті. Олар жабық қорлардан 688 мыңнан аса іс пен 48 мыңға жуық есепке алу карточкасын тауып, Президент архивіне өткізген екен. Жалпы саны 2,6 миллионнан астам құжат пен материалдан «құпия» деген белгі алынып тасталды. Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған 311 мыңнан астам адамды ақтау үшін қолданыстағы заңнама аясында нақты жұмыстар жүргізілген. Мемлекеттік комиссия әзірлеген осы материалдар қазіргі таңда 72 томға жүк болып отырғаны хабарланды. Бұл – нағыз баға жетпес құнды тарих. Әрі қарай оны жалғастырып зерттеу, талдау мәселесі – уақыт еншісінде.
Айбын • 03 Мамыр, 2024
Аты аңызға айналған партизан, атақты барлаушы, соғыс ардагері, Халық қаһарманы, жазушы Қасым Қайсеновтің туғанына 106 жыл толуына орай Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рақымов атындағы Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебі кітапханасында 4-оқу ротасы 4-взвод ұландарының қатысуымен «Аңыз адам Қасым Қайсенов» атты танымдық сағат өтті. Іс-шараның мақсаты – ұландарға батырдың өшпес ерлігін үлгі етіп, Отан қорғауда ержүрек, батыл, адал болуға тәрбиелеу.
Құқық • 03 Мамыр, 2024
Мемлекет басшысы отбасы институтын, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған заңға қол қойды. Негізгі өзгерістердің бірі – бұрын әкімшілік құқық бұзушылық ретінде танылған ұрып-соғу және отбасылық зорлық-зомбылық бұдан былай ауыр қылмысқа теңестірілмек. Бұл дегеніміз заңға қайшы әрекеттерді жасаған адамдар қылмыстық жауапкершілікке және қатаң жазаға тартылады.
Әдебиет • 03 Мамыр, 2024
Отардың жабағы жүнін қырықтырып, креолин ерітіндісіне тоғыттырып болған соң-ақ жайлауға бет алғанбыз. Қозылы қойды алысқа айдамас үшін Ажыхан бұлағына келіп ерулегенбіз.
Руханият • 03 Мамыр, 2024
Жақында ғана Астана қаласында Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтті. «Атамұра» баспасынан тарих ғылымдарының докторы, профессор, Парламент Сенатының депутаты Дархан Қыдырәлінің 5 кітабы көрмеде таныстырылды. Олар – «Тамыр», «Абыздар аманаты», «Нүкте философиясы», «Тасқа жазылған тарих», «Мұстафа» кітаптары. Осы жерде белгілі қайраткер-ғалымның «Мұстафа», «Тамыр» атты кітаптарын сатып алдым.
Пікір • 01 Мамыр, 2024
Біздің басты құндылығымыз Тәуелсіздікпен тікелей байланысты. Елімізде бірлік пен келісім осы елде тұрып жатқан барлық этнос өкілдері үшін мәңгілік құндылықтар болып есептеледі. Қазақстан халқы Ассамблеясы мемлекеттілігіміздің негізгі институттарының бірі ретінде қоғамдағы бірлікті нығайтуға қызмет етеді.
Сараптама • 01 Мамыр, 2024
Жаһандану үдерісі белсенді жүріп жатқан XXI ғасырда мәдениеттердің өзара ықпалы, ұлттық құндылықтар мен әлемдік брендттердің әрекеттесуі қарқынды өтіп жатқаны белгілі. Осы орайда ғылымда «жұмсақ күш» термині пайда болып, мемлекеттердің ықпалын саралайтын арнайы зерттеулер де жүргізіліп келеді.
Тұлға • 01 Мамыр, 2024
Қазақстанның халық суретшісі Ә.Қастеевтің туғанына биыл 120 жыл толып отыр. Соңына екі мыңға жуық құнды дүние қалдырған Әбілхан атамызды ешкімге ұксамайтын біртуар суретші, қазақ бейнелеу өнері тұңғыштарының бірі әрі бірегейі десек, оның ізбасары санайтын өзім ұстаз-суретші ретінде майталман қылқалам шеберінің балалық шағынан өскелең ұрпақ өкілдеріне арнап «Арманына асыққан Әбілхан» атты ғылыми-әдістемелік оқулық шығарған едім.
Пікір • 30 Сәуір, 2024
Ортақ мақсатқа ұйысқан ұлт ұтылмайды
Өтіп жатқан өмірдің сабағы мен тосын сыны аз емес. «Уақыт бәрін де алып кетеді: жылдар тізбегі адамның есімін де, сыртқы пішінін де, мінез-құлқы мен тағдырын да өзгертеді» деген даналық бар. Ата-бабаларымыз арман қылған, тау тұлғаларымыз іс-әрекетімен көрсеткен көптен күткен Тәуелсіздік орнағалы да отыз жылдан асып барады. Осы кезеңнің жақсылығы мен жамандығын өлшей алдық па?
Тұлға • 30 Сәуір, 2024
Еліміздің Логистика және көлік академиясына есімі берілген Алаштың асыл ұлдарының бірі Мұхаметжан Тынышбаевтың туғанына биыл – 145 жыл. 90 жылдан астам тарихы бар (іргетасы 1931 жылы қаланған) оқу ордасы – еліміздің көлік-коммуникациялық кешеніне, оның ішінде теміржол және автокөліктері, сондай-ақ телекоммуникация саласы бойынша жоғары мамандар даярлайтын арнайы маманданған жетекші жоғары мектеп.