
Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2019
ҚАЖ қызметкерлері тарихи мұражайға барды
Елбасы мақаласында әрбір азамат туған жерінің тарихын білуге, құндылықтарын қастерлеп, дамуына өз үлесін қосуға міндетті деген болатын.
Үкімет • 12 Желтоқсан, 2019
Қорғаныс министрлігінде әскери спортшыларға құрмет көрсетілді
Қазақстан Қорғаныс министрлігінде 2019 жылдың қорытындысы бойынша Армия орталық спорт клубының әскери спортшыларына құрмет көрсету рәсімі өтті. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 12 Желтоқсан, 2019
Салықтық рақымшылық аясында кәсіпкерлер 15 млрд теңгеден аса негізгі қарыздарын өтеген
Мемлекеттік кірістер комитеті елімізде осы жылдың аяғына дейін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне арналған салықтық рақымшылық жүргізіліп жатқанын ескертеді. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне арналған салықтық рақымшылық шегіне орай 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша болған бересі сомасын салық төлеуші төлеген жағдайда, өсімпұл және айыппұл сомалары есептен шығаруға жатады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 12 Желтоқсан, 2019
Б. Мәкен «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барды
Бүгін Тәуелсіздік күніне орай елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысып, қызметкерлерге әкімнің және әкімнің орынбасары атынан алғыс хаттарды тапсырды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет • 12 Желтоқсан, 2019
Алматыда зорлық-зомбылық экстремизмді алдын алу мәселелері талқыланды
2019 жылғы 10-11 желтоқсанда Алматыда зорлық-зомбылық экстремизмді алдын-алу бойынша алғашқы «Берік қалалардың желісі» атты аймақтық семинар өтті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Парламент • 12 Желтоқсан, 2019
Білім беру сапасын қалай арттыруға болады?
Білім беру саласының барлық деңгейінде сапаны арттыру – білім беру және педагогикалық ғылым саласына қатысты барлық мемлекеттік басқару органдарының басты міндеті. Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті өткізген «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында жарияланған тапсырмалар аясында Қазақстан Республикасының білім беру сапасын арттыру мәселелері бойынша заңнамасын одан әрі жетілдіру» тақырыбына арналған дөңгелек үстелге қатысушылар осылай деп санайды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет • 12 Желтоқсан, 2019
А. Мамин Лондон қаласына жұмыс сапарымен барды
Премьер-Министр Асқар Мамин Лондон қаласына жұмыс сапары аясында Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚҚДБ) президенті Сума Чакрабартимен кездесу өткізді.
Руханият • 12 Желтоқсан, 2019
Димаш Құдайбергеннің 10 желтоқсанда Нью-Йоркте өткен жеке концертіне әлемнің 51 елінен жанкүйерлер жиналды. Barсlays center аренасы қазақ әншісін сүйіп тыңдайтын жұртшылыққа лық толы болды.
Қоғам • 12 Желтоқсан, 2019
Жастар Мемлекет басшысының атаулы жылдың қорытындысына арналған жиында тәуелсіздікті сақтауға және жастарды қолдауға байланысты айтқан пікірлері мен ұсыныстарына ерекше назар аударып, өз ойларымен бөлісуде.
Руханият • 12 Желтоқсан, 2019
Орекеңмен, Оралбай Әбдікәрімовпен бір үйдің, бір кіреберісінде көрші болдық. Кеңес Одағының соңғы жылдарында салынған республика Үкіметінің қызметкерлерге арналған соңғы үйі еді. Орекеңнің бәрімізден артықшылығы – ол үйде үлкен анамыз – жасы тоқсанға келген, сөзінен, жүрісінен жаңылмаған Бибіжан апамыз бар болатын. Мереке күндері бір кіреберістегі өзара сыйласатын бірнеше отбасына ортақ үлкеніміз – Орекеңнің анасына кіріп, сәлем беріп, батасын алып жүретінбіз. Ол да бір көршілер арасындағы қимас дәурен екен. Бибіжан апамыз да табиғатынан пейілі кең жаралған, сүйегі асыл, өнегелі шаңырақтың берекелі қазынасы. Әрқайсысымызға шын ниетімен дұғасын арнап, ақжарылқап тілегін төгіп, аялы алақанымен беретін батасы қандай! Сол кісінің батасы арқылы өз анамызды есімізге түсіріп, ет жүрегіміз елжіреп, сағынышымызды басатынбыз. Дүниеде ананың мейірімін сезінуден артық сезім бар ма?!