Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20376 материал табылды

Үкімет • 10 Желтоқсан, 2019

Қазақстанның Елшісі Португалия Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы Елшісі Дәулет Батырашевтың Португалия Президенті Марселу Ребелу де Созаға сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Парламент • 10 Желтоқсан, 2019

Қазақстан мен Ресей сенаторлары өзара іс-қимылдың басым бағыттарын анықтады

Қазан қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті мен Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы  Федерация Кеңесі Халықаралық істер жөніндегі комитетінің және Қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің бірлескен отырысы болды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Парламент • 10 Желтоқсан, 2019

А.Шәкіров: Ресеймен жасалған шарттар екі елдің қарым-қатынасының дамуына оң әсер етеді

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесі арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі комиссияның 15-ші отырысы Қазан қаласында өтті. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Үкімет • 10 Желтоқсан, 2019

Қазақстанда өндірілген тауарларды әлемнің 120-дан астам елінде тұтынады

Осыдан 10 жыл бұрын елімізде индустриялық-инновациялық дамытудың алғашқы мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Ол алғашында әлемдік экономикадағы дағдарысқа қарсы шара ретінде басталып, еліміздің өңдеу өнеркәсібін дәйекті түрде дамытудың тиімді құралына айналды. Содан бергі 10 жыл ішінде отандық өнеркәсіп саласында елеулі жетістіктерге қол жеткізілді. Атап айтқанда, индустриялық-инновациялық дамытудың бағдарламалары аясында 1250 жоба іске қосылды. 195 мыңдай жұмыс орны ашылды, оның ішінде 120 мың тұрақты, 75 мың уақытша жұмыс орны. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 10 Желтоқсан, 2019

Елордалық ұстаздар Кембридж университетінде біліктілігін арттырды

Әлемдегі ең үздік жоғары оқу орнына айналған Кембридж университетінде елордалық 5 мектептің мұғалімдері мен қалалық Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскерлері біліктілігін арттырды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 10 Желтоқсан, 2019

Қарулы Күштерде мамандарды даярлау басталды

Басқару органдарының, құрамалар мен бөлімдердің 2020 оқу жылына арналған жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес Қазақстанның Қарулы Күштерінде барлық санаттағы әскери қызметшілермен мамандық бойынша даярлық жүргізіледі. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Үкімет • 10 Желтоқсан, 2019

Ауғанстанды қалпына келтіру мәселелері Ыстанбұл үдерісінде қарастырылды

2019 жылғы 8-9 желтоқсанда Ыстанбұл қаласында (Түркия Республикасы) «Бейбітшілік, Серіктестік, Өркендеу» тақырыбында «Азия жүрегі» Ыстанбұл үдерісінің Сегізінші Министрлер конференциясы өтті. Түркия мен Ауғанстан іс-шараның теңтөрағасы болды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 10 Желтоқсан, 2019

10 желтоқсан - Астананы ресми көшіру күні

Бүгін Елбасының жарлығымен Сарыарқа төсіндегі Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешім қабылданғаннан бері 22 жыл өтті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Парламент • 10 Желтоқсан, 2019

Сенаторлар Татарстан Президентімен кездесті

Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров және бір топ сенаторлар Қазан Кремлінде Татарстан Республикасының Президенті Рустам Миннихановпен кездесті. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 10 Желтоқсан, 2019

Құрманғазы оркестрі Бейжіңде өткен Дүниежүзілік музыка ЭКСПО-сына қатысты

2019 жылдың 5 желтоқсанында Бейжің қаласында (ҚХР) Дүниежүзілік музыка ЭКСПО-сы аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Ұлы дала сазы» атты Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің концертін ұйымдастырды.