
Ғылым • 12 Сәуір, 2024
Алғаш ғылымға қадам басқан кезім есімде магистратураның, аспирантураның стипендиясы пәтерақының жартысына да жетпейтін.
Мирас • 11 Сәуір, 2024
Әбу Насыр әл-Фараби бабамыз музыканы ғылыми түрде терең зерттеп «Музыка туралы үлкен кітап» атты ауқымды трактат жазып қалдырды. Жақсы музыка жанға әсер етіп, оны емдейді әрі жақсартады, ал жаман музыка адамды бұзады деп санаған.
Дәстүр • 11 Сәуір, 2024
Өнер – халықты эстетикалық мәдениет пен адамгершілікке тәрбиелеудің аса маңызды құралы. Кез келген ел өнерімен бағаланып, қастерленеді десек, қателеспейміз. Музей жұмысы өткен мен бүгінді байланыстырушы алтын көпір іспеттес. Жақында «Алматы облысы музейлер бірлестігіне» қарасты «Анаға құрмет» музейінің ұйымдастыруымен «Дәстүрді дәріптеген әжелер» атты аудандық әжелер байқауы болып өтті.
Пікір • 11 Сәуір, 2024
Батырлар өнегесі – тәрбие өзегі
Тәуелсіздігімізді қалай нығайтамыз, ұлтымыздың өсіп-өркендеуі мен ұрпағымыздың дүниежүзілік бәсекелестікке лайықты болуы үшін қандай бағытта жұмыс істеуіміз керек деген мәселелерге Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үнемі зор мән беріп келеді. Жуырда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында да бірқатар маңызды мәселе көтерілді.
Пікір • 10 Сәуір, 2024
Бұған дейін Ұлытау мен түркі әлемінің рухани астанасы Түркістанда өткен Ұлттық құрылтай бұл жолы «Хан ордалы Сарайшықтың» іргесіндегі Атырауда өтті. Президентіміз жыл басында «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында Ұлттық құрылтайдың ертерек өтетінін ептеп аңдатқан еді.
Инновация • 10 Сәуір, 2024
Ғылыми-техникалық жаңалықтарды өндіріспен байланыстыру, технологиялық үдерісті жасау – кез келген экономиканың даму келешегін анықтайтын маңызды факторлардың бірі. Мемлекеттің дамуы мен өркендеуі инновациялық өзгерістерді экономикамен ұштастыра білуден басталатындығы да ақиқат. Аталған бағытта Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (WIPO – World Intellectual Property Organization) жыл сайын әлем елдерінің инновациялық даму индексін жариялайды.
Тұлға • 09 Сәуір, 2024
Кез келген ұлт өркениет биігіне ұмтылған сайын өзінің төл болмысын зерделеп, өрісін кеңейтіп отырады. Мемлекеттегі ішкі бірліктің түйіні де осы мәселенің тарихи аспектіде шынайылықпен зерттелініп, санамызға сіңуінде. Отан тарихына қатысты жауапкершілігі аса зор, мемлекеттік контексте мағынасы салмақты идеялар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың стратегиялық мақалаларында мазмұнды түйінделуі де сондықтан. Оның сөздерінде еліміздің жаңғырған рухани-мәдени және тарихи-интеллектуалдық әлеуетін әлемге айрықша көрсеткен тұғырлы тұлғалар шоғыры үнемі аталады. Мәселен, Абай тұлғасы – қоғамның рухани жаңғыруын жаңа сапалық деңгейге көтерген келелі белес екенін бүкіл қоғам сезінді. Біртуар ақын мұрасы мен мұраты ел бірлігін нығайтып, жаңарған қоғамдық сананың өрелі істеріне темірқазық болары сөзсіз.
Пікір • 09 Сәуір, 2024
Бірлігіміз бекем болмаса, бәрі бекер
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында ел болашағы, ұлт қамы, ұрпақ тәрбиесі жайында кесек-кесек ой-пікірін ортаға салды. Президенттің елді бірлік, адалдық, достық пен ынтымаққа үндейтін сөздерінің жаны бар. Әсіресе ұлтты ұйыстырар зиялы қауымға қарата айтқан пайымды пікірімен келіспеске болмайды.
Еңбек • 08 Сәуір, 2024
«Әрбір адал адам адал еңбегімен адал табысқа жетеді». Бұл – Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында айтқан сөзінің бірі. «Қағидамыз – әділдік, тірегіміз – жауапкершілік, мақсатымыз – өрлеу» деген Президент осы құндылықтарды берік ұстанудың маңыздылығын айтты.
Тұлға • 08 Сәуір, 2024
Шона Смаханұлы – қазақ сатирасының серкесі һәм сардары. Ол – қысқа да нұсқа жазудың хас шебері. Шығармаларын авторын айтпай-ақ жазбай тануға болады. Өйткені оның ешкімге ұқсамайтын стилі, өзіндік қолтаңбасы бар. Сөз саптасы да ерекше. Ұлттық бояуы қанық. Тіл байлығы мол.